Нұрпия ана

Скачать

Нұрпия ана. Қазақ тарихындағы әйелдер

Кезінде Абылай хан екі сөзінің бірінде айтып отырады екен: - Осы, Бес Мейрамның баласы деген ел, пайғамбар мен шадияр тумады демесеңдер, адамның бұлбұлы мен дүлділі түгел туған ел. Батыры көп, жаудан қорықпайды, шетінен шешен туады да, дауда қорықпайды , - деп жазған Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Мейрамсопының бәйбішесі – Нұрпия (Нұрпая) ана.
Нұрпия ана, шежіре бойынша, Кіші жүз Алшын ішінде Құдаспай деген кісінің қызы екен. Шешесі ертерек қайтыс болғандықтан, ол ұзатыларда жеңгесі: Еркежанға шешесінің жоқтығын білдірмеймін , - деп, онымен бірге ере жүріпті.
Ұзатылып бара жатқан Нұрпияның жасауын теңдеген түйенің бұйдасын ұстау үшін бір жетім қызды қоса ала кетіпті.
Ел ішіндегі бүлік көбейіп тұрған, жаугершіл заман екен. Қызды шығарып салып келген жеңге мен жетім қыз еліне қайта алмай қалады. Сонда Нұрпия Мейрамсопыға өтініш айтады: Елден бір мен деп еріп келген көзкөргендерім ғой, үшеуіміз бір босағада болайық. Жеңгеме ағамның төсі тиіп еді, басқаға қимаймын, өзіңіздің адам қылғаныңызды қалаймын, еріп келген жетім қызды да шеттетпей бауырыңызға бассаңыз екен. Сіз жалғыз жігітсіз. Ұрпағыңыз өсіп - өнсін. Мен өз тарапымнан еш уақытта таршылық жасамаймын , деп сөзін өткізеді.
Мейрамсопы Нұрпиядан – Қуандық, Сүйіндік, Нұрпияның жеңгесінен – Шегендік, Бегендік, Нұрпияға еріп келген Қарқабат атты жетім қыздан – Болатқожа (Қаракесек) атты балалар көріп, солардың бәрінің де өсіп - өнген ұрпақтары бір - бір рулы елге айналып еді дейді.
Мейрамсопы бұрынырақ дүние салып, одан қалған бес балаға Нұрпия бәйбіше қамқор болып, басалқылық көрсетіп, Бес берекенің ұйытқысы атанған екен.


Скачать


zharar.kz