Әке мен бала, Жаман жолдас әңгімелері бойынша талдау жұмыстары

Скачать

Алматы облысы, Іле ауданы,
№20 орта мектебі МКМ - нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оманова Гүлзат Төребекқызы

Қазақ әдебиеті 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай шығармаларындағы еңбек тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, интерактивті тақта, суреттер, Алтынсарин шығармалары
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, еңбек, география.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Оқу құралдарын түгендеу.
3. Үй тапсырмасын сұрау
Ы. Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді. Ол қараңғы, көшпелі өз халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты - деп жазды орыс достары.
Оренбурский листок газеті

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Деректер сөйлейді
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 – Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі.
1857 - Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859 - Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болады.
1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14 - Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н. Н. Ильминскийге жазған хатында Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым, - деп жазған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
1876 – Қазақ хрестоматиясын жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы
1881 – Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
1883 – Торғайда қолөнер мектебі ашылды.
1887 – Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырды.
1889 – Қайтыс болған жылы

ІІІ. Жаңа сабақ
- Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім... деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Ы. Алтынсарин туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде де ерекше орын алады.
Еңбекті сүю, қадірлеу – Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі тақырыптардың бірі. Мұнда Отанын қадірлеуге, сондай - ақ талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға тәрбиелейді.
Жалқаулық, надандық, зұлымдық, тәкаппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.

Ыбырай Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы өлеңдері мен әңгімелері
1 Білімге шақырған өлеңдері
Кел, балалар, оқылық! , Өнер, білім бар жұрттар .
2. Әлеуметтік теңсіздік:
Залым төреге , Әй, жігіттер ,
3. Табиғат тақырыбында
Жаз , Өзен
4. Ел ішіндегі теңсіздік, келеңсіздіктерді жырлайды.
Азған елдің билері, хандары, байлары , Залым төреге .
5. Өз еңбегіңмен күн көрге шақырады
Әй, достарым!
6. Адал еңбекті, шындықты жырлайды
Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен өлеңі
7. Орыс жазушыларының аудармалары:
К.. Д. Ушинскийдің Үнді әңгімесін, “Сауысқан мен қарға”, “Теке мен түлкі” мысалдарын,
Л. Н. Толстойдан “Мұңсыз адам”,”Данышпан қазы”.”Үш ұры” ертегілерін,
И. А. Крыловтың “Қарға мен түлкі” мысалы
8. Еңбек тақырыбында: Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш , Бай баласы мен жарлы баласы , Дүние қалай етсең табылады? , Әке мен бала , Жаман жолдас , Қыпшақ Сейтқұл , Таза бұлақ , Бақша ағаштары , Талаптың пайдасы , Мейірімді бала , Шеше мен бала т. б. әңгімелері бар.

Әке мен бала , Жаман жолдас әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.
▪ Әке
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді

▪ Бала
Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ

▪ Жақсы
Ауру жігіт
Жерге құлады
Аю иіскеді
Жерден тұрды
Жауап берді

▪ Жаман
Сау бала
Ағашқа шықты
Аю
Ағаштан түсті
Сұрады

Мақалды талдау
Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа

- Қандай жолдаспен дос болу керек? Пікірталас
- Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Фонетикалық талдау (қазақ тілімен байланыстыру, математикалық тәсілмен дауысты дыбысқа талдау.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Таза бұлақ әңгімесі.

Ү. Қорытынды.
Ы. Алтынсарин атында көшелер, мектептер бар. Алматыда Ы. Алтынсарин атында Ғылыми Академиясы жұмыс жасайды. Ы. Алтынсарин атында медаль бар.
Өнер - білім бар жұрттар өлеңінің соңғы шумағымен сабақты аяқтаймыз.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды,
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
ҮІ. Үйге тапсырма. Ы. Алтынсарин әңгімелерін оқу, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу.


Скачать


zharar.kz