Ортада қыздар гүл болып отырады. "Көктем" билей кіреді, гүлдер мен аралар (ер балалар) ортаға билеп келіп, жартылай шеңбер болып тұрады.
Көктем: Наурыз күні - Ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал, бөбектерім сендер мұны.
Балабақша меңгерушісі Бағым Шарапқызына сөз беріледі.
Көктем: Көкте құстар сайраған
Беткейде гүлдер жайнаған.
Қызыл - жасыл дүние,
Құлпырады айналам.
Шашылып алтын шуақты,
Көктем келіп қуантты.
Алақайлап бұлақтар,
Сықылықтап су ақты.
Хор: "Көктем"
Қадыржан: Көктем келіп қуантып,
Күн шуағы нұрланды
Аналарға келеміз,
Құшақ - құшақ гүл алып.
Ғалия: Жарқыраған қызыл гүлдей,
Болсын әсем өміріңіз.
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліңіз.
Ғалия: Қадірлі аналар көңілді,
Көктемдей жайнап гүл ашқан.
Бақытқа толып өмірі,
Шаттыққа, шаттық ұлассын.
Ғалияның орындауында "Әніміз бар - тамаша" әні.
Алтынай мен Аяжан. "Көкек" әні
Бағжан: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрқашан,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Әнел: Жер бетінің ғұмыры,
Қүн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Аружан: Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы әй әжем.
Гүлсезім: Жақсы көрем апамды,
Жүремін ылғи бірге еріп.
Тауға мені апарды,
Талай қайттық гүл теріп.
Бейбарыс: Алтын анам ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңін,
Ертегі айтып береді.
Ақниет: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп мені,
Құлыншағым күнім дейтін.
Нұрболат: Сырымды ұғатын,
Өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын,
Айымсың туатын.
Жеке ән: "Біз өмірдің гүліміз." Ақниет, Бейбарыс, Нұрболат.
Испан биі: Әнел, Перизат, Ғалия, Алтынай.
Ата - аналармен тренинг: Мамалар балаларына қарама - қарсы тұрып шарттарды орындайды.
Балалар хормен: Күлімдеп күндей,
Жайнаған гүлдей.
Аман - сау болшы,
Ақ мамам менің.
Балалар аналарына жүрекшелер ұсынады. Өздері дайындаған сыйлық гүлдерін сыйлайды.
Бағжан Жадыра апаймен "Анашым" әнін орындайды. Балалар мамаларымен билейді.
Хор: "Ақ мамам"