ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық қыздардан!
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 4 - ші сынып оқушыларының арасында ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз.
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
----------
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
--------------
Кіріспе сөз.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын бес асудан тұрады:
- Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім – “ Бәйге”.
ІІ бөлім –“Полиглот”.
ІІІ бөлім – “Білімпаз”
ІҮ бөлім – “Тіл өнері “
Ү бөлім – “Көкпар”
ҮІ бөлім – “Жорға”деп аталады.
- Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға ұпайдан беріледі. Әр турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшысы қалу керек. Сонымен, қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.