Озық ойлы оқушы!
Мақсаты:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зердесін дамыту. Математика, физика ғылымдары үлкен, әрі қызықты екенін ұғындыру. Пәнге деген қызығушылығын ояту, шапшаң ойланып, ойын жинақты жеткізуге тәрбиелеу. Ғылыми ізденістерін кеңейту.
Түрі: Сайыс
Жоспары
І. Табалдырық
ІІ Әудем жер
ІІІ. Қозы көш
ІҮ. Беласар
Жүру барысы
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Танылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқып жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Құрметті қауым Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар сайыскерлер, бүгінгі математика, физика пәндері бойынша меңгерген білімдерін жүйелеу, ауызша, жазбаша қабылеттерін ойын арқылы жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып отырған Озық ойлы оқушы білімдік сайысымызға қош келдіңіздер!
Өз білімі мен зердесіне сенген оқушыларымызға сайысымыздың барысын таныстырамыз.
І бөлім: Табалдырық әр сайыскерлерді таныстырып өтеміз.
ІІ бөлім: Әудем жер (әр сайыскерімізге 10 сұрақ қойылады, сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлердің шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады.
ІІІ бөлім: Қозы көш (Әр түсте берілген сандарды таңдап өздеріне қойылған тәжірбиелік тапсырмаларға жауап береді.)
Бұл бөлімнен кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.
Көрермендермен сайыс жүргізіледі.
ІҮ бөлім: Беласар (Логикалық есептер беріледі)
Бұл сайысты көптен бері біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз, біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келед кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз! – деп бүгінгі сайысқа қатысқалы келген сайыскерлерімізге кезек береміз.
І бөлім: Табалдырық әр сайыскерлерді таныстырып өтеміз:
1.Төлеубаева Мадина Қаржы 69.12 тобының студенті
............
Достық пен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едік талай сында
Қара қылды қақ жарып әділқазы
Еңбегін Тапқырлардың әділ сына
Әділ қазы, ақ қағазға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл
Жарысымызды бастамас бұрын сайыскерлеріміздің білімін, тапқырлығын, ептілігін т.б қасиеттерін сарапқа салатын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.___________________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________________
ІІ бөлім: Әудем жер әр сайыскерімізге 10 сұрақ қойылады, сұраққа 30 секунд ішінде жауап беруі керек. Бұл бөлімде сайыскерлердің шапшаң ойлауы мен ойын тез жинақтауы байқалады. Дұрыс әр жауап 1 баллмен есептелінеді
1-сайыскерге
1. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысу процессі (еру)
2. Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)
3. Тік төртбұрыштың параметірі (төрт қабырғасының қосындысы)
4. Ток күші неге тең? ( I= g t)
5. 12 санының екі дәрежесі? (144)
6. 10 сантиметрде неше метр бар? (1000 м)
7. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)
8. Қиылыспайтын екі түзу? (параллель)
9. Кернеуді өлшейтін құрал? (вольтметр)
10. cos450 мәні? ( )
2- сайыскерге
1. Сұйықтың буға айналу құбылысы? (булану)
2. Шаршының қабырғасы 4 см. Шаршының ауданын табыңыз? (16)
3. Мұз кесегін 00С қарға салса ерейме? (ерімейді)
4. Үшбұрыштың пиреметрі? (Үшбұрыштың үш қабырғасының қосындысына тең)
5. Оқ ататын құралдар жылу құралына жата ма? (жатады)
6. Юбка тәрізді фигура? (Трапеция)
7. Адамның температурасын қандай құралмен өлшейді? (градусник)
8. Егер кеседен суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа)
9. Жазықтықтағы фигураларды зерттейтін геометрияның саласы? (планеметрия)
10. 13 санының квадраты? (169)
3-сайыскерге
1. Ток күшінің белгіленуі? (І )
2. бөлшегенің мағынасы? (жарты)
3. Еркін түсу үдеуінің тұрақты мәні? (9,8 м с)
4. 121 санының түбірі? (11)
5. Ток күшін өлшейтін құрал? (амперметр)
6. 220 санының 5 проценті нешеге тең? (11)
7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)
8. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 6 см, ені 4 см ауданын есепте? (24 см2)
9. 81*3 нешеге тең ? (243)
10.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (суы толық ыдысқа)
4-сайыскерге
1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
2. а2 – в2 өрнегінің жіктелуі ? (а - в)(а + в)
3. Молекуланың ретсіз қозғалысы? (жылу қозғалысы)
4. ах2 + вх + с = 0 теңдеуінің атауы? (квадрат теңдеу)
5. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі? (Дж кг 0С)
6. Дискриминант шарттары? (D 0екі түбір, D=0 бір түбір, D