Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Толқын ауылы, Толқын орта мектебі КММ
10 сынып оқушысы Сайран Гүлдана
Ғасыр бойы түспеген,
Басынан ақ кимешек.
Алатауым тіршілікке,
Ақ мейірімін тұр төсеп
Қыран ұшса құздарында,
Баурайында бәйшешек.
Алатауыма мәртебелі,
Болмайды бас имесек.
Міндеттімін берсем сыйға,
Қандай тарту үйлеседі.
Саған деген құштарлықтан,
Көкірегімнен жыр еседі.
Төрт түлігі өсіп жатыр,
Сай - саласын өрлесек.
Қойнауында байлығы мол,
Айтамыз ба білмесек?
Бойындағы жиған нәрін,
Аямаған адамнан.
Өз қойнынан ұшқан түлек,
Орын алып әр саладан.
Емге дәрі жемісің бар,
Қолдануда бар адам.
Бақша - баулы қорығыңда,
Құстар сайрап салады ән.
Етегінде Көктөбесі,
Әлем сүйсініп қараған.
Медеу менен Шымбұлаққа,
Саяхаттап сан адам.
Міне осындай қасиеті бар,
Аумаған Әз анадан.
Дастан етіп ұрпақтарын,
Әлі талай жазады ән.