Сабақтың тақырыбы: Қатынас ыдыс. Су құбыры
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау, себебін түсіндіру, формуласын қорытып шығару.
• Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдысын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын тексеру
1.§37 Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым тақырыбын оқып келу
2. 17 - тапсырма: Биік бір ыдыс алып, оның түбінен және бүйірінен әр түрлі биіктікте кішкентай үш тесік жасаңдар. Ол тесіктерге шырпы тығып бекітіп, ыдысқа толтыра су құйыңдар. Одан соң тесіктерде ашып, олардан шапшып аққан судың ағысын бақылаңдар. Сұйық тереңдеген сайын қысымын ұлғаятындығы неден көрінеді?
3. 17 - жаттығу (3): Адам суда 9м тереңдікке дейін сүңги алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар. (Теңіз суының тығыздығы 1030кг м3.)
1.§Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым тақырыбын оқып келу тапсырманы сұрақ - жауаппен тексеру:
1. Гидравликалық машинадағы сұйыққа поршень тарапынан күш әрекет еткен кездегі қысым қалай беріледі?
(Сыртқы күштер әрекетінен күштер беріледі).
2. Сұйықтың өз ішінде де қысым бола ма? Болса сұйықта қысым қалай беріледі?
(Болады. Сұйықтың өз ішінде де ауырлық күшінің әрекетінен қысым болады).
3. Ауырлық күшінің әрекетін түсіндір.
4. Сұйық бағанның ыдыстың табанына түсіретін қысымын қалай есептейді? (р= h)
(Сурет көрсетіледі)
Мұның себебі неде?
Өткені, шайнек пен оның шүмегіндегі су бірдей деңгейде тұрады.
Шайнекті еңкейткен кезде, оның шүмегі шайнектегі судың деңгейіне дейін төмен түседі де, одан су аға бастайды.
Мұнда резеңке түтікпен жалғасқан екі ыдыс кескінделген. Осындай ыдыстар қатынас ыдыстар деп аталады.
Латын U әрпі тәрізді.
Қатынас ыдыстар: Мұндай ыдыстардың пішіні мен көлемі әртүрлі болады. Мысалы: