Циклограмма
Ересек Гүлдәурен тобындағы балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру
Өтпелі тақырып Жануарлар әлемі
Мақсаты: Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшелік - терін сипаттап (мекендейтін жері, түсі, азығы, қысқа дайындығы, кейбір аңдардың қысқы ұйқыда болуы, ұя салу, көбеюі) атай білуге үйрету. Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасы: салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы әгімелесу және көтеріңкі көңіл – күй орнатуға ойындар ұйымдастыру.
Дүйсенбі 15. 01. 18
Қыста ұйықтайтын жануарлар туралы әңгімелесу
Суретпен жұмыс:
Д О: Қай аңның ізі
Мақсаты: танымдық белсенділігін арттыру
Сейсенбі 16. 01. 18
Жыл мезгілі және қандай ай, қандай апта күні екені туралы әңгімеге тарту.
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қазір қандай ай?
Қандай апта күні?
Д О: Қай мезгіл? Сипатта?
Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін арттыру
Сәрсенбі 17. 01. 18
Үстел үсті ойындар;
құрастыру ,
сыңарын тап
Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Бейсенбі 18. 01. 18
Жолда жүру ережелері туралы айту. Қыстың күні жол тайғақ, тұман, боранды күндер болады сол кезде қалай жолда жүріп сақтану керектігі айтылады.
Д\о: Жол ережесі
Мақсаты: жол ережесін естеріне түсіру.
Жұма 19. 01. 18
Менің сүйікті жануарым
Кім қандай жануарды жақсы көреді?
Оны неліктен жақсы көресің?
Д О: Ғажайып дорба
Мақсаты: сипап сезу арқылы сипаттау.
Циклограмма (балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру). жүктеу
Циклограмма. жүктеу