2016 - 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізіміБүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі ресми БАҚ - та жарияланды

Скачать

2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі ресми БАҚ - та жарияланды. Еліміздің барлық өңіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған 2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі

Осылайша, мемлекеттік білім гранттарының иелерін анықтайтын комиссия бөлген 31 702 грант иегерлерін толық анықтады. Оның ішінде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант 1 курсқа қабылдауға қарастырылды.

Биыл мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру елдің әлеуметтік - экономикалық даму басымдықтарына негізделді. Осы орайда аталған басымдықтарды ескере отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға ескерілген. Сонымен қатар, 5 000 грант - педагогикалық, 2 690 грант - ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына, 3 000 грант - медициналық салаға мамандықтарға бөлініп отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін ЖОО - лар тізімі айқындалды. Еліміздің 112 азаматтық жоғары оқу орындары арасында оқу гранттары 87 ЖОО - ға бөлінді. Өткен жылы 64 оқу орны қамтылған еді.

Биыл жылғы оқу гранттарын алу конкурсына 59 677 адам қатысуда, олардың ішінде 47 342 - сі - қазақ тілінде білім алуға (80 пайызға жуығы), 12 335 талапкер орыс тілінде оқуға тапсырған.

Жалпы конкурстарға қатысушылар арасында 2 208 Алтын белгі иегерлері; 303 колледж түлектері; 169 халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары; 854 халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, 948 халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары; 9 Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары қамтылған. Олар грантты алуда басымдыққа ие болып отыр.

Конкурсқа І, ІІ топ мүгедектігі бар 363 адам, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдерінен қамтылған 1 053 адам, сондай - ақ 492 ата - анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен жетім балалар қатысуда. Бұл адамдарға квоталар белгіленген.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа балл - 81, 2 балл.

2017-2018 жылғы білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі


Скачать


zharar.kz