Білім беру саласы: Таным , Шығармашылық , Қатынас .
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Информатика
Тақырыбы: Әлем бала көзімен .
Мақсаты: Балалардың информатикадан шығармашылық қабілетін дамыту, компьютерге деген қызығушылығын арттыра отырып, оларды ұқыпты жұмыс жасауға үйрету. Балалардың білімдерін тиянақтай отырып, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд тақта, Paint редакторының суреті, қылқаламның суреті.
Әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
- Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын, сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, сендер бүгін сондай қуаныштысыңдар. Бір - біріңе күліп қарап, жайдарлы, ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің жүздеріңнен жылылық, мейірімділік, қайырымдылық, бір - біріңе деген махаббат сезіледі, қандай тамаша!
Адамдар бір - біріне жақсы сөздер айтса көңілдері көтеріліп қалады ғой. Әуелі қоршаған ортамен, содан соң бір - бірімізбен амандасайық.
Ақбота атты бақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен қонақпен
Амандасып алады.
Арайланып таң атты
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
- Ия балалар, осындай жақсы көңіл күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
- Балалар ең алдымен оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын, қауіпсіздік ережесін есімізге түсіріп жіберейік. Қане, кім айтады?