Балалар көңіл күйлерің қалай

Скачать

Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы,
Қызылқайың ауылы, Березняк ЖББОМ - нің
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Зурманбай Балгуль

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. Өлең нақыл сөз, мақал - мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, элеватор.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, нан, бауырсақ, ойынға дидактикалық құралдар, ұн, смайлик.
Пән аралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу өнері, сауат ашу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер:
Жаңбыр, жаңбыр жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
- Балалар көңіл күйлерің қалай?
- Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Қол шапалақтаймыз?
- Ренжігенде, қабақ түйеміз. (балалар қабақтарын түйеді)
- Қорыққанда көзімізді жұмамыз (балалар көздерін жұмады)
- Қуанғанда, күлеміз.
- Ендеше, балалар,- көңіл күйлеріңді алдарыңдағы смайлик арқылы көрсетіңдер
- Жарайсыңдар, барлығымыздың көңіл - күйіміз жақсы екен, олай болса оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.
- Балала, алдарыңдағы суреттерден тақтадағы көрнекіліктерден байқап отырған боларсыңдар, бүгін не туралы айтайын деп тұрғанымызды.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
- Міне біздің алдымызда дастархан жаюлы тұр. Оның үстінде нандарды көріп тұрсыңдар. Енді біз осы дастарханға нанның қалай келетінін мына суреттерден көретін боламыз.
- Көктемде мына суреттегі тракторлар жерді жыртып, мынандай бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсетеміз)
- диханшылар жаз бойы егілген дәнді суарып, күтіп, баптайды.(дихан сөзіне түсінік беріп кетеміз)
- Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар орып, машиналарға салып береді.(комбайн сөзіне тоқталып кету)
- Көліктер оны элеваторға тасиды. Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады.(элеватор сөзіне тоқталу)
- Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады.(диірмен сөзіне тоқталу) Балаларға ұнды көрсетеміз.
- Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.
- Міне балалар, біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
Тақтадағы ұннан жасалған өнімдер туралы суреттерге тоқталу.
Дидактикалық ойын: Қайсысы артық?
Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек.
Қоршаған ортамен таныстыру әліппе - дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Дидактикалық ойын: дұрыс орналастыр.
Ойынның шарты: Ұн, бидай, нан суреттері беріледі. Суреттерді нан жасалу жолдарымен дұрыс орналастыруы керек.

Сергіту сәті:
Көктемде жерді жыртамыз,
Тегістейміз тырмалап.
Дәндерді оған егеміз,
Жайқалып егін шықсын деп.
Күз болғанда орамыз,
Нанға біздер тоямыз. (қимылмен көрсету)

Жұмбақ жасыру:
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында дәні бар. (бидай)
Балаларға бидайдың суретін салғызу.

Тыйым сөздер:
1 Нанды бір қолмен үзбе.
2 Нанды, дастарханды баспа.
3 Нанды төңкеріп тастама.
4 Нанды аяққа баспа.

Мағынасын түсіндіру.
Дидактикалық ойын: Тез ойла
Ойынның шарты: Мамандық түрлері аталады. Солардың ішінен тақырыпқа сай мамандық иелері аталса балалар қол шапалақтаулары керек. Мысалы: Дәрігер, мұғалім, егінші, тракторист, наубайханашы, есепші, комбайыншы, диханшы, т.б.
Барлығымыз бірге жаттайық:
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекеті барлықтарыңа түсінікті болды ма? Егер барлықтарыңа ұнаса қолдарыңдағы смайликті көтереміз.
- Рахмет, балалар, жарайсыңдар.


Скачать


zharar.kz