АКТ пайдаланып жаңа сабақты меңгерту

Скачать

Биология 6 сынып
ТАҚЫРЫП: Сабақтың ішкі және сыртқы құрылысы.
МАҚСАТЫ: Оқушыларға өсімдіктің сабағы және оның түрлері туралы мағлұматтар беру. Сабақтың қызметімен таныстыру. Сабақтың ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері туралы түсіндіру.
КҮТІЛЕТІННӘТИЖЕ: Сабақ және оның қызметі туралы толық мағлұмат бере алады. Сабақтың түрлерін ажырата алады және өсімдіктердегі сабақ түрлерін біледі. Сабақтың ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер туралы мәлімет бере алады.
НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ: АКТ пайдаланып жаңа сабақты меңгерту. Әдіс - тәсілдерді пайдаланып оқушылардың қызығушылығын арттыру. Оқушыларды бақылай отырып олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау.

Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру.
Өткенді жаңғырту (6 минут)
Кім шапшаң әдісі
Өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды. Жауап берген оқушыларды бағалап сабақты меңгеру деңгейін анықтайды.

Ой қозғау (1 минут)
Балалар, сабақ туралы не білеміз?
Білім, кіріспе (5 минут)
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелерімен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Қызметі:
сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады;
органикалық заттар қорға жиналады;
көбеюге қатысады.
Жер деңгейіне орналасуына байланысты
жер үстіндегі сабақ
жер астындағы сабақ
Қуаруына байланысты
шөптекті,
ағаштекті
сүректі болып бөлінеді.
Өсу бағытына байланысты]
тік (жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т. б.)
жатаған немесе желі сабақ - өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртшада желі сабақ тобына жатады.
шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі ( шырмауық, құлмақ ). Мұртшалары болмайды.
өрмелегіш - мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі. Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке тығыз жанаспайды.
жабысқақ сабақтар түктері арқылы сүйенетін өсімдігіне тығыз жанасады. Сүйенетін өсімдіктен ажырату қиын. Мысалы, ағаш шырмауық, жабысқақ қызыл бояу және т. б. жатады. Сабақтары жеңіл, жіңішке әрі ұзын болғандықтан шырмалғыш, өрмелегіш сабақты өсімдіктерді лианалар дейді.
қысқарған сабақ - өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы ( бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т. б)
Көлденең қимасының пішініне байланысты
дөңгелек
жалпиған
үш -, төрт -, көпқырлы
қабырғалы
атызды
қанатты
Сабақтың түр - өзгерістері
Жердің үстіндегі сабақтардың түрөзгерістер
Сояу(долана, жабайы алма, жабайы алмұрт т. б.).
Жалған пиязшық немесе туберидия (орхидеялар)
Қылқан (құлпынай, қияр)
Шырынды сабақ немесе кладодия (кактус)
Бүршік - өнбеген сабақ.

Сабақтың ішкі және сыртқы құрылысы. жүктеу


Скачать


zharar.kz