Әліппеден басталар

Скачать

Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы , Благодарное орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Сыдыкова Сайраш Ныгыметқызы

Тақырыбы: “Әліппе”, саған мың алғыс!
Мақсаты: Әліппеден өткен 42 әріпті еске түсіру. Жатқа айту дағдыларын, еркін сөйлеу, тез ойлау қабілеттерін дамыту. Өз Отанын сүюге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Барысы: Ертеңгілік Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылады.
Мұғалім: Балалар, естеріңде ме, алғаш мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді?
Хормен 1 қыркүйек.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1-оқушы: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Өсті білім сан санат!
Хормен: Құтты болсын тойымыз!
2-оқушы: Күмбір, күмбір қоңырау,
Сағынған ай қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма,
Жазылған ай қыркүйек.
Мұғалім: Балалар, бұдан соң қызықтап, қолымызға алғаш
ұстаған кітабымыз қандай кітап?
Хормен: Әліппе кітабы.
Мұғалім: Ал енді осы Әліппенің алғашқы бетінде қандай алғысөз жазылған және оны
кім жазды?
3-оқушы : Айналайын! Қолыңдағы әсем кітап Әліппең аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!
4-оқушы:Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініне сенмін.
5-оқушы: Деп жазған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мұғалім: Қымбатты балалар, өздерің алғаш қолға ұстаған аяулы Әліппе кітаптарыңды ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе.
Әліппе :
Армысыңдар, жас достар,
Армысың, ата-аналар,
Болашаққа жол бастар,
Әліппе , келді ортаға.
Білім деген ғажаптың.
Әліпбиін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.

6-оқушы: Мынау сенің Әліппең ,
Балақай, түк жалықпа!
Үйреніпті әріптен,
Ұстаз, ғалым, алып та.
7-оқушы:
Үздік болам десең сен,
Үзбей оқы сен оны.
Әліппе саған төселсең,
Білім нәрін береді.
8- оқушы:
Барша-барша ғылымың,
Әліппеден басталар.
Жалғастырған білімін,
Жақсы бала дос болар.


Скачать


zharar.kz