1831 жылы өсімдік жасушаның ядросын анықтаған ғалым

Скачать

Сабақ тақырыбы: Генетика және оның даму тарихы
Сабақтың мақсаты: генетика ғылымы туралы жалпы мағлұмат беру және оның даму тарихы туралы мәліметтерді тұжырымдау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:– білім алушыларға генетика ғылымының пайда болуы және дамуы туралы түсінік беру;
- генетик ғалымдардың еңбектерімен таныстыру;
- генетикалық заңдылықтар жайлы түсінік беру және ақпаратты білім алушылардың сыни тұрғыдан бағалай білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық:– әртүрлі тапсырмалар орындауда ойлау, саралау қабілеттерін дамытып, ғаламтордағы ақпараттардың өзектісін реттей білу дағдысын жетілдіру;
– бұрынғы білімдерін жаңа біліммен ұштастыру және мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту.
Тәрбиелік:– тақырып арқылы биология пәніне қызығушылығын арттыру;
– бірлескен жұмыс кезінде білім алушылардың ұйымшылдығы мен таным әрекеті барысындағы қарым - қатынас жасау шеберлігін қалыптастыру;
– топпен жұмыс, бірлескен жұмыс істеу арқылы білім алушылардың бір – бірінің пікірін тыңдай білу дағдысын және өз болжамдарын шығармашылықпен жеткізу қабілеттерін жетілдіру.
Сабақ типі: жоба жасау арқылы жаңа білім беру. (мәтін, слайд, сызба – нұсқа)
Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақ әдістері: сұрақ – жауап, әңгімелесу, тесттік тапсырмалар, презентация жасау.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, ғаламтор, компьютер, принтер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқытушының сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер және қонақтар! (1 мин)

ІІ. Топқа бөлу. Қима қағаздарда жазылған сөздерді таңдап алып, 4 топқа бөлінеді. (2 мин)
І топ: Жасуша
ІІ топ: Цитология
ІІІ топ: Митоз
ІV топ: Ядро

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (5 мин)
Оқытушының сөзі: Сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін алдарыңыздағы сөзжұмбақты шешіп көрелік. Осы сөзжұмбақта өткен тақырып бойынша сұрақтар берілген.

1. Алғашқы рет қарапайым микроскоп жасап, жасушаларды анықтаған кім?(Гук)
2. 1945 жылы жасушаның құрамында ЭПТ – ды кім дәлелдеді?(Портер)
3. 1831 жылы өсімдік жасушаның ядросын анықтаған ғалым.(Броун)
4. ХІХ ғасырда жасуша теориясының негізін қалаған неміс зоологтарының бірі. (Шлейден)
5. Өсімдік әлемін зерттейтін жалпы биологияның бөлімі, қазіргі заманда жеке ғылым
(Ботаника)
6. Ядролы жасушалардың бөліну тәсілі қалай аталады? (Митоз)
7. Тірі организмдер табиғатқа өзара және қоршаған орта жағдайларымен үнемі күрделі байланыста, оларды қорғау және сақтау әрі тиімді пайдалану мәселелерін қандай ғылым зерттейді? (Экология)
8. Жасуша бөлінуінің бір фазасы: ядро көлемі үлкейіп, ядрошық және ядро қабықшасы ыдырайды, хромосомалар ширатыла бастайды. (Профаза)


Скачать


zharar.kz