Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы,
Құлан ауылы Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Мансурова Амина Шакиртовна
Ертеңгілік: Аяулы анашым
Ән ырғағымен балалар ән - күй залына кіріп, жарты шеңбер болып тұра қалады.
Жүргізуші: Тойлаймыз біз бүгін, Мерекесін біздердің, Айтыңдаршы балалар Ойланбай - ақ балалар. Балалар: Ана! Ана! Ана!- деп бірге айтады.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз! Өсіріп отырған балаларыңыздың қызығын көріңіздер! Сіздерге арналған Аяулы анашым атты балалардың шағын ән сазды тамашасын тамашалаңыздар.
Тақпақтар:
Сабина: Айналайын ана мерекеңмен
Сыйлайыншы саған дала гүлін мен
Мерекелі күнің қандай тамаша,
Кеудеңдегі гүлің қалды жараса
Айғаным: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам,
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
Рахат: Көктем келді қуантып,
Күн шуағы нұрланды
Аналарға келеміз
Құшақ - құшақ гүл алып.
Кристина: Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан анам,
Көкте күнім батса да
Өзің күнсің балаға.
Жансая: Айбат анам ай анам
Ботам деген дауысыңнан
Мәз - мәз болып оянам,
Айналайын ақ мамам.
Аяла: Бала, бала бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Илияс: Алақай - ау, алақай
Үйге келді мамамыз,
Сол сәт барлық балақай
Мәз - мейрам боп қаламыз.
Әсел: Қадірлі аналар көңілді,
Көктемдей жайнап гүл ашты
Бақытқа толып өмірі
Шаттыққа шаттық ұлассын.
Шырай: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ән: Айналайын мама
Көктем келеді.
Көктем: сәлеметсіздер ме аналар, әжелер, балалар, қыздар
Мен көгілдір көктеммін Былтыр келіп кеткенмін Орманда бұл - бұл сайраған Көптен күткен көктеммін Әлемдегі ең әдемі аналарды құттықтауға келдім. Сіздерге зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін. Мен осында көбелектерімді көріп тұрмын ғой. Олардың билерін сағындым. Билеп бересіңдер ме.
Көбелек биі.
Көктем: Билерің өте тамаша екен. Рахмет сендерге. Менің Карлсон деген досым бар. Карлсонға сендердің көмектерің керек. Балалар ол өзінің әжесін іздеп жүр. Көмектесеміз бе? Олай болса бәріміз Карлсонды шақырайық. Балалар: Карлсон! Карлсон!
Осы кезде Карлсон ұшып келеді
Карлсон: Сәлеметсіңдер ме балалар Менің атым Карлсон Мерекелеріңіз құтты болсын аналар, қыздар. Менде өзімнің әжемді құттықтайын десем жоғалтып алдым. Таппады сендер маған көмектесіңдерші.
Жүргізуші: Карлсон қазір бізде әжелеріміз биге шығады Мүмкін соның ішінде жүрген шығар сенің әжең. Тамашалашы.
Әжелер биі
Карлсон: Жоқ бұл әжелердің ішінде менің әжем жоқ екен.
Карлсон: Балалар сиқырлы кемеге мініп бәріміз менің әжемді іздейік. Тербелейікші.
Жүргізуші: Балалар Карлсон әжесін сағыныпты Олай болса әжелеріміз туралы тақпақтар айтайықшы.
Ақсезім: Мен әжемді сүйемін Киімді өзім киемін, Ақылыңа көнемін Өлең айтып беремін.
Шыңғыс: Менің әжем ақ әжем, Менің әжем жыр әжем, Ұл мен қыздың бағы әжем Шуағы мол нұр әжем
Саян: Ойнап келсем күнім деп Қарсы алады күлімдеп Мен сабақты оқимын Әжем кілем тоқиды.
Іңкәр: Әжем менің әлі де Ұқсамайды кәріге Шай қайнатып береді Біздің үйдің бәріне
Әжені іздеу. Кемемен тербелу.
Жүргізуші: балалар бәріміз шаршадық. Олай болса бәріміз шаршағанымызды басып, бір өлең айтып жіберейік
Аяқпенен Топ - топ
Би: Сәбилер биі Кеме қозғалу.
Жүргізуші: Балалар біз аналарымызды тыңдаймыз ба? Жалқау болмаймыз ба? Олай болса қазір Жалқаубек биін тамашалайық.
Карлсон: Әжені іздейікші Мына кісі менің әжеме ұқсайды екен. ӘЖЕ! ӘЖЕ! (Карлсон әжесімен құшақтасып көріседі)
Балалар менің әжеме арнап өлең білесіңдер ме?
Әже әні.
Ойын: Мен және менің анам
Шарты: Анасы мен қызы немесе баласы өлең айтып, би билеп немесе сән өнерін көрсету керек.
Карлсон әжесі: Балалар менің сендерге алып келген сыйым бар ол мына кәмпит. қараңдаршы.
Карлсон: әже ол балаларға жетпейді ғой.
Әжесі: Ол жай кәмпит емес сиқырлы кәмпит - деп кәмпиттің ішін ашып ішінен көп кәмпит шығарады.
Жалпы би.