Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі.
Мақсаты:
- Ақын С. Сейфуллиннің шығармашылығына қысқаша тоқтала келіп, Сәкеннің лирикалық, оның ішінде “Сыр сандық” өлеңінің мәні, ішкі нәзік сезімін ұғынуы тиіс.
- Оқушылар Сәкен жырының ішкі сезімін сезіп, сым кернесін шертетін сырын дәлелдеп, талдауға, өз ойын еркін жеткізуі тиіс.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді беру
Құралдар: Сәкен шығармашылығына арналған слайд, қима қағаздар.
Сабақтың әдістері: мәнерлеп оқу, жатқа оқу, ішінара ізденіс, топпен жұмыс
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Білімді жан - жақты тексеру.
- Жамбыл Жабаев кім?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
- Алғадай кім еді?
- Ақын өлеңіндегі әкенің сезімі қалай көрініс тапқан?
Қорыта келгенде, Жамбыл - қазақтың жыр алыбы, оның мұрасы өшпейтін асып қазыналы боп қалады.
3. Жаңа сабақ
- Сәкеннің “Сыр сандық ” өлеңінің мәнін ашу.
- Өлеңді талдау
І. Қызығушылықты ояту
Ой қозғау. Сандық дегеніміз не? Ақын неліктен “Сыр сандық” деп атаған?
Ендеше, Сәкенмен сырласып көрейік. Сәкен туралы не білеміз?
Сәкен
↓
ақын
прозашы
драматург
зерттеуші
Сөзі ғибрат, ісі үлгі
Лирикасы: махаббат, табиғат, саяси
ІІ. Мағынаны таны
“Сыр сандық” өлеңі оқылады.
І топ. 1) Ақын өлеңде неге сыр сандық деп атаған?
ІІ топ. Ақын сырын ұғу үшін сезім қойма - сылан нені, қалай іздеу керек?
ІІІ топ. Ақын ішкі сезімін неге теңейді?
ІІ. 2) Ақын өлеңіндегі жалған достық.
Ақын өлеңіндегі адал достық.
Достықты қалай түсінеді.
- Достық туралы қандай аңыз әңгіме, шешендік сөз білеміз. “Екі дос” әңгімесі, Әйтімбет шешен (достық екі түрі болады).
Сабақты қорытындылау: Сабағымызды қорытындылай келсек,“Дос көпті жау алмайды”,“Жолдасы жақсы жолды болар, жолдасы жаман қолды болар”, деп қазақ тегін айтпаған екен. Сәкен жырынан осыны ұққандаймыз.
Үйге тапсырма: “Қамаудан”,“Тұлпарым” өлеңдерінен оқу, үзінді жаттауға.
Қарағанды облысы, Шет ауданы,
Ақши негізгі орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тасымбекова Майя Жұмағалиқызы