Жүрек жылуы

Скачать

Тақырыбы: Қуаныш – жан жылуы
Танымдық мақсаты: Жан дүниесі ізгі, рухани бай тұлға қалыптастыру. Танымдық қабілеттерді, белсенділікті дамытуға жағдай жасау, ой - өрісті кеңейту, ойлануды, ұжымдық, бірлік икемділіктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: күн, бұлт суреттер, жүрекшелер

Тәрбие сағатының жүру барысы:
I. Кіріспе: Таным шаттығы
Мұғалім сөзі:
Жан - жағына нұр шашып,
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе, көк майса.
Жүрегім жыли бастайды
Кездескенде достарым
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Мейірбандық – жүректен, қайырымдылық біліктен дейді халық. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

II. Ойлы бала озар
- Балалар, бүгін мейірімділік жолы бізді жүректер жылуын сезіндіретін әлемге алып келді. Бүгін бізге күн шапағын шашу үшін күн көкжиектен көтеріліп келе жатыр.
- Күн нұры жүрегімізге ұяласын десек жылы жүректі адам қандай болады? Соған жауап табайықшы.
(Балалардың пікірі)
- Рахмет балалар, күн шуағын сезіне бастадық, ендеше күн шапағына назар аударайық. ( Жүрек жылуы шығады)

III. Қуаныш — жан шуағы
“Кел балалар, күлейік,
Көңілденіп жүрейік”
Күлімде күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!
Жүрек жылуы:
- Саламатсыздар ма, балалар!
Жарық пенен жылуды
Бақыт пенен мейірімді
Өзім ғана беретін
Мен жүректің жылуы.
- Мен де осындай мейірімді достарымды көргеніме қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, қараңдаршы шуақты күн де күліп тұрғандай.

IV. Аялай біл, сен деп соққан жүректі
- Қане, бәріміз қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезінейікші.
- Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмірі сүреді. Ол әрқайсымызға Мен осындамын, мен сенімен біргемін — деп дыбыстап тұр және әрқашанда бізбен бірге болады. Ол жүрегіміздің жылуы, бізге жақсы сөздерді айтатын болады.
- Сендер өз жүрек жылуларыңды сезіндіңдер ме?
Балалар:
- Ол одан бетер қатты соғып кетті!
- Иә, бізді естігенін білдіріп жатыр.
Мұғалім: — Ендеше балалар, өмірдегі барлық жылу — адам жүрегінен болса, табиғаттағы барлық жылу — күннен екен. Біз күнді мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңейміз.
Жүрек жылуы:
- Балалар, қараңдаршы, біздің күніміз көлегейленіп тұр. Біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейікші. Ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашуға көмектесесіңдер ме?
Балалар: — Әрине көмектесеміз.
Қуаныш – жан жылуы жүктеу


Скачать


zharar.kz