Тақырыбы: Ұлттық ойыным - ұлттық мақтанышым.
Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпын жоғалтпай, бала бойына сіңіре білгізу, өз ұлтына деген сүйіспеншілік қалыптастырып, құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ойынының маңызын білу, шартын ұғынып ойнауға үйрету.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, ұлттық ойын түрлерінен көрнекі суреттер, слайдтар.
І жүргізуші:
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Мектебімізде болып жатырған Мектептердегі ұлттық психологияны дамытудың тиімді жолдары атты семинарда бастауыш сынып бірлестігі 2 - сынып оқушыларының қатысуымен Ұлттық ойыным - ұлттық мақтанышым тақырыбында өткізілетін ұлттық ойындардан көріністерді тамашалауға шақырамыз.
Мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет ғұрпын жоғалтпай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ойынының маңызын білу, шартын ұғынып ойнауға үйрету.
Әнұран
(музыкалық үзіліс, балалар сахна сыртына шығады)
ІІ жүргізуші:
- Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі - сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт - санасы тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
І жүргізуші:
- Қазақтың халық педагогикасында ойын да көп орын алады. Халық болашақ ұрпағын шыныққап, ойлы, сергек етіп тәрбиелеу үшін ойынның алуан түрін шығарған. Оларды спорттық ойындар, миды шынықтыратын, яғни ой жүйесін дамытатын ойындар, еңбекке, өнерге баулитын ойындар деп бірнеше топқа бөлуге болады.
ІІ жүргізуші:
- Спорттық ойындардың түрлері өте көп, солардың ішінен көкпар, аударыспақ, алтыбақан, тоғыз құмалақ, ақсерек - көксерек, қашпа доп, қақпа доп сияқты.
(музыкалық үзіліс)
І жүргізуші:
- Қазір сіздердің алдарыңызда ұлттық ойындар сайысын бастаймыз. Алғашқы көрсетілетін ойынның түрі Бәйге ойыны. 2б – сынып оқушысы Жұбанов Серіхан ойынының шартымен таныстырып өтеді.
Ойын басталады, музыка ойналып тұрады.
(Ал, қане, алға бас! Алға! Алға! Аттың басын жібер! Тарт Қалыспа! бас қамшыны бас!)
ІІ жүргізуші:
- Бәйге - сайыс қыздырар делебеңді,
Кеудесіне ойнаған көрерменнің.
Алыстан шаң ойнатқан ат көрінді,
Жетер екен қай тұлпар мәреге енді.
*Оқушылар:- Жарайсыңдар, Уа, бәрекелді алғашқы келген үш аттың бәйгесін береміз. 3 - орынға кілем, 2 - орынға машина, 1 - орынға үйдің кілті.
- Жеңістерің құтты болсын! Жарайсыңдар! Бапкерлер де атты жақсы баптаған екен.