Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті мәселе

Скачать

Баяндама "Денсаулық сақтау технологияларын сабақта қолдану"

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев жыл сайын халыққа жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу деген.
Еліміздің болашағы жастар болғандықтан, Саламатты Қазақстан - 2015 атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын, шараларының бірі екендігін атап көрсеткені баршамызға мәлім. Бағдарламаның басты мақсаты, мұраты халықтың денсаулығын сақтау мен демографиялық ахуалды жақсарту, сондықтан Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді.

Саулық байлық негізі - деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін аурудың алдың алу және болдырмау керек. Дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту туралы, сонымен дене тәрбиесімен айналысуы керек. Есірткілерді, темекі мен алкогольды тұтынуды қойып тазалық пен санитария шараларын сақтау үшін күрес жүргізу керек. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет.
Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті мәселе. Бала денсаулығы басты мақсат сондықтан баланың денсаулығын нығайту, жетілдіру үшін аянбай еңбек ету керек. Әрқашан жан – жақты ізденісте болып, баланың мінез - құлығына аса назар аудару керек. Оқушылардың бойы әрдайым шынығып тұруы керек. Сабақтарда қанша отырып жұмыс істесе, соншалықты қозғалыста болуы қажет.

Осы бағыттарда жұмыс жүргізу үшін педагогикалық технологияларды қолдануға болады. Педагогикалық технология оқытудың түрі, құралы және әдісі, оларды мұғалім өз жұмысында білім берудің оптималды нәтижелеріне қол жеткізу үшін қолданады. Педагогикалық технологиялардың бірі – денсаулық сақтау технологиялары. Денсаулық сақтау технологиясы формалардың, құралдардың және әдістердің жиынтығын көрсетеді, олар адамның дене, психикалық, адамгершілік және әлеуметтік жетістігін қолдаудағы оптималды нәтижелерге жету үшін бағытталған. Денсаулық сақтау технологиясында тұжырымдылық, жүйелілік, тиімділік маңызды болып саналады. Денсаулық сақтау технологиясы жүйе ретінде өзара байланыстылықты жоспарлауды және жобалауды, мұғалім мен оқушылардың біріккен қызметін ұйымдастыруды, алға қойған мақсаттарды нәтижелі шешу барысындағы оқыту мен тәрбиелеудің құралдары мен әдістерін түрлендіруді білдіреді.

Денсаулық сақтау технологиясының көріністеріне тек осы саладағы білімді, ептілікті, дағдыны игеру деңгейі ғана емес, сондай - ақ мұғалім мен оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру да жатады.
Біз денсаулық сақтау технологиясын жалпы педагогикалық технологияға жатқызамыз, өйткені салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеті болып табылады.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz