Бірінші ребус

Скачать

Тақырыбы: Кел, ойнайық!
Мақсаты: Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қазақ тілі сабағына көңіл аудару.
Міндеттері: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ребустар, ою - өрнектер, ұлттық ойындар.
Сабақ түрі: Ойын - сабақ.

Сабақ барысы:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей сабағымыз жарыс ойын түрінде өтілуі және ең озық ойлы топты анықтаймыз.

Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. Көбелектер және Қызыл Телпек топтары.
Жарыста ұлттық ойындар, ребустар, логикалық есеп тапсырмалар орындалады.

- Олай болса, жарысымызды бастайық.

1 - тапсырма Аяқталмаған мақал - мәтелдер
 Отансыз адам, ормансыз.........(бұлбұл)
 Ата – ағаш, бала -........ (жапырақ)
 Туған жердей жер болмас.
Туған елдей........ (ел болмас)

2 - тапсырма Хан талапай ойыны
Жіліктен шыққан сүйек,
Ойнаймыз біз шертіп.
Бәрімізге таңсық
Аты оның – асық.

(Асықтар шашылып нөмірлер бойынша сұраққа жауап беріледі)
1 - сұрақ. Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір қыс мезгілі
2 - сұрақ. Балабақшада кімдер бар?
Балабақшада балалар бар
3 - сұрақ. Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін сәрсенбі
4 - сұрақ. Біздің Отанымыз қандай?
Біздің Отанымыз - Қазақстан.

3 - тапсырма Ребус шешкізу.
(балалар ребусты шешіп, шыққан сөзге байланысты өлең оқиды).
Бірінші ребус: Алма, тышқан, алмұрт - суреттері.
(сөздердің бірінші әрпінен сөз шығарады: АТА..........)
Екінші ребус: Әтеш, жапырақ, есік – ӘЖЕ
Музыкалық үзіліс. Ән Менің Отаным

4 - тапсырма. Теңге алу ойыны
Шарты: Шеңбер бойынша теңге (сурет) қою. Ішкі жағында лексикалық тақырыптарға қатысты суреттер. Балалар шеңбер бойынша ән қимылдарын көрсетіп жүреді, музыка тоқтатылады. балалар теңге суретін алып - сөздерді қазақ тілінде атайды.

5 - тапсырма: Ою - өрнектер құрастыру.
Шарты: Төрт бөлікке бөлінген оюдан бүтіндей ою шығару керек. Ол үшін тапсырманы орындау керек.
Сөйлем құрастыр -
1 - топ: "Балабақша" тақырыбы бойынша
- Балабақша үлкен, жарық, таза, әдемі. Балабақша екі қабатты. Мен балабақшада ойнаймын, тамақ ішемін, ұйықтаймын.

2 - топ: "Ойыншықтар" тақырыбы бойынша.
- Менде ойыншық қоян бар. Ойыншық қоян әдемі, үлкен, түсі ақ.
Қимыл ойын кезегі Арқан тарту

6 - тапсырма. Тай жарысы ойыны
Шарты: Әр топқа екі тапсырма беріледі.
1 - топ: "Көкөністерді жина"
2 - топ; "Жемістерді жина"
Қорытынды: Балалардың білімін бағалау.
Мадақтау. Қоштасу.

Кел, ойнайық! жүктеу


Скачать


zharar.kz