Балаларға адамдар заттарды жасағанда осы материалдардың қасиеттерін қалай қолданатынын көрсету

Скачать

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Металл мен ағаш қасиеттерімен танысу
Мақсаты: Балаларды ағаш пен металдың қасиеттерімен (металл суық материал, ағаш жылы материал, металл ағашқа қарағанда берік және ауыр) таныстыру. Балаларға адамдар заттарды жасағанда осы материалдардың қасиеттерін қалай қолданатынын көрсету. Балаларға заттарды зерттеп, себеп - салдарлық байланыс орнатуға үйрету.
Көрнекі құралдар: темір, ағаштан жасалған заттар, су, майшам
Билингвалды компонент: ағаш – дерево, темір - металл

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Ғажайып қапшық
- Балалар, мына қапшықтың ішінде әртүрлі заттар бар. Соларды бір - бірден алып, көріңдер. Олар неден жасалған?

- Дұрыс айтасыңдар. Енді ағаштан жасалған заттары бар балалар бір топқа, темірден жасалған заттары бар балалар бір топқа жиналыңдар.

- Темір мен ағаш бір - біріне ұқсай ма екен?

- Жарайсыңдар, балалар. Енді заттарды үстелге қойып, орнымызға отырайық.
- Балалар, мен сендерге осы екі зат туралы, яғни ағаш пен темір туралы ерекше ертегі айтып бергім келеді.

Ертеде екі дос өмір сүріпті, олар ағаш пен темір екен. Олар өте тату болыпты, адамдарға көмектесіп жүріпті. Бір күні екі дос дауласып қалыпты. Олар қайсымыз адамға керекпіз деп дауласыпты. Осылай екеуі даудың шешімін табу үшін жолға шығыпты. Олардың алдынан кедергі шығыпты, ол өзен екен.


Скачать


zharar.kz