Гидраның құрылысы
Биология 7 сынып
Білімділік мақсаты: Ішекқуысты жәндіктердің құрлысы, сан алуандығы, тіршілік жағдайы, ішекқуыстылардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты:
дүниетанымдарын кеңейту, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: ішекқуыстылардың пайда – зияны, сақтану шараларын түсіндіру, әсемдікті сезіне білуге, табиғаттағы үйлесімділікті сақтай білуге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ояту.
Міндеттері:
1. Сабақ барысында алған ақпараттарын өзгелермен бөлісуді үйрету.
2. Топта жұмыс жасата отырып, бірін - бірі оқытуға және бірін - бірі бағалауға үйрету.
3. Өзгенің пікірін тыңдауға, сыйластық танытуға, мәдениетті қарым - қатынасқа дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер: Суреттер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, өз ойларын жинақы жеткізе алады, мәтінмен танысу нәтижесінде әрекеттерін іс жүзінде көрсете алады; оқушылар тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін өз дәрежесінде қолдана алады, табиғатты және оның байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз екенін ұғынады.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ - жауап, оқулықпен, суретпен және тақтаның көмегімен жұмыс істеу арқылы пәнді игеру, пікір білдіру, тапсырмалар орындау және. т. б.
Пәнаралық байланыс: сурет, экология, әдебиет
Тапсырмалар: топтық, жұптық жұмыс түрлері, постер арқылы біржасушалылар , "көпжасушалылар" сөзіне толық сипаттама беру, жобаны қорғау;
Дерек көздері, құрал - жабдықтар: оқулық, маркерлер, интербелсенді тақта, бағалау парақтары, слайд материалдары, суреттер салатын парақтар, флипчарттар, стикерлер, әуенді музыка
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру
• оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
• оқушылардың сабақ құралдарын тексеру
Мотивациялық трениг (психологиялық ахуал) 5 минут
Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Қайырлы күн, жер ана,
Қайырлы күн, көк аспан
Қайырлы күн, балалар
Қайырлы күн, мұғалім
- Балалар сендер қолдарыңнан ұстап тұрғанда не сезіп тұрсыңдар? - Жылулық.
- ендеше осы жылуымызды, бір - бірімізге сыйлайық. (балалардың тілегі. Мен саған бақыт тілеймін).
Сыныпты топқа бөлу
(оқушыларға шелекте тұрған әр түрлі жемістерді беру арқылы 4 топқа бөлемін)
"Лимон", "Банан", "Алма", "Алмұрт" топтары
(Бағалау парақшасын оқушыларға беру 4 топқа)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
(Есік қағылады. Есіктен кірген мұғалім Тазша баладан сыныпқа келген хатты береді. Сол хатта берілген тапсырмаларды оқушылар орындайды)
Біржасушалыларға тән ерекшеліктерді белгілеп көрсетіңіздер:
Кері байланыс (Әр топ бір біріне сұрақтар қояды)
1-топ сұрақтары:
1. Қарапайымдылар типінің адам паразиттерін зерттейді? (протозоология)
2. Иесінің дене жамылғысының сыртында (тері, туктер) тіршілік етеді.(эктопаразит)
3. Паразит ұзақ уақыт сақталатын ағзаларды қалай атайды? (резервуар)
2-топ сұрақтары:
1. Көптеген паразиттердің таралуы үшін резервуарлардан басқа кімдер қажет?(таратушылар)
2. Эхинококкоз ауруын тудырушы паразит? (эхинококк)
3. Адамның паразиттік амебасын зерттеген ғалым? (гросс)
3-топ сұрақтары:
1. Иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер?(эндопаразит)
2. Қарапайымдылар, гелминттер, насекомдар әсерінен пайда болатын аурулар? (инвазиялық)
3. Өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізетін паразиттер? (уақытша паразит)
4-топ сұрақтары:
1. Әртүрлі микроағзалардың әсерінен пайда болатын аурулар?(инфекциялық)
2. Паразит жәндік лямблияны ең алғаш бауырдағы өт өзегінен тапқан украин дәрігері? (Лямбль Душан Федорович)
3. Амебаның ең жоғарғы шапшаңдығы?(сағатына 1 см)
("Бірге ойланайық!" бөлімі. Бұл бөлімде ой қозғайтын сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар арқылы оқушылар өз ойларын айтады)
1. Мектептегі бор туралы не білесіз?
Жауабы:
Біз тақтаға жазып жүрген бор теңіз қарапайымдарының бақалшақтарынан құралған.
2. Қарапайымдар тұрып қалған суларда, топырақтың дымқыл қабатында да таралған, бірақ олар қайнаған суда тіршілік ете алмайды. Неге?
Жауабы: Қайнаған суда оттегі жоқ
3. Жасыл эвглена жарықта хлоропластта түзілген органикалық заттармен қоректенетіні белгілі. Қараңғыда жасыл эвглена тіршілігін дәл солай жалғастыра ала ма?
Жауабы: Жоқ. Ұзақ уақыт қараңғы жерде эвглена еріген органикалық заттармен қоректене бастайды.
Биология пәні мұғалімі: Қайрбулатова Г. Б.