Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету

Скачать

Екібастұз қаласы
№23 Балауса мектепке дейінгі мекеме
Абдинова Ү. Д
Топ. Естияр
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Экология негіздері
Тақырыбы: Табиғат тіршілігі құстар
Мақсаты: Қазақстандағы құстардың көптүрлілігі туралы жалпы түсінік беру. Балалардың құстар пайдасы, оларға қамқорлық туралы түсініктерін жалғастыру.
Міндеттері:
Білімділік:Балаларды адамға құстар не береді? , құстарсыз адам не болар еді? деген сұрақтарға ойландыру.
Құстардың сыртқы пішінін қарап тануды үйрету (бояуы, өлшемі, мінез құлқы, шығаратын дыбыстары).
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру. Жауапкершілік сезімін ояту.
Тәрбиелік: Балаларды құстарды қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Экологиялық мәдениеттілік пен сауаттылыққа үйрету.

Түрі: Ашық сабақ.
Типі: Дамыта оқыту: Тәй-тәй бағдарламасы.
Қолданылған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, көрнекілік, сөздік, ойын, ТРИЗ( жақсы-жаман).
Көрнекіліктері: Табиғатқа байланысты суреттер, ағаштар, құстар, Қазақстан картасы, қағаз қарындаш, қатты қағаз, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Сәлем бердім мен күнге,
Сәлем бердім мен саған
Сәлем бердік апайға,
Қонақтарға құстарға.
Психологиялық дайындық
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ
Табиғат деген не ?
Табиғат нешеге бөлінеді?
Өлі табиғатқа не жатады?
Тірі табиғатқа не жатады?
(Осы кезде топқа Дымбілмес келеді. Қолында рогатқа, сіріңке бар)
Балалар амандасады
Мен Дымбілмеспін, мен сендермен ойнайын деп келдім, қарным ашты, қазір алау жағып тамақ дайындайық.
Тәрбиеші: балалар орманда алау жағуға бола ма?
Балалар: жоқ болмайды, ағаштар жанып кетеді, құстарға зиян келеді.
Дымбілмес. Онда құстарды атып ойнайық
Балалар Дымбілмеске экологиялық мәдениет жайлы түсіндіреді!От жағуға, қоқыс шашуға, суды ластауға, құсты атуға болмайды.
Дымбілмес кешірім сұрап кетіп қалады)
Осы кезде құстардың сайраған дауысы естіледі.
Бұл ненің дауысы. Құстардың ән салған дауысы.
Біздің елімізде құстардың 489-дай түрі мекендейді. Олар далалы, шөлді, орманды, таулы, сулы жерлерде мекендейді. 80%ті ағаштарды зиянкестерден тазалап тіршілікке көмектеседі екен.
Сендерге таныс құстарды атаңдар.
(қараторғай, тоқылдақ, көгершін, сауысқан, сарышымшық, көгершін)

Құстар жайлы жалпы табиғат жайлы тақпақ білесіңдер ме?
1. Балалық қып қызбайық
Құс ұясын бұзбайық
Құстар біздің досымыз
Құстарда да ана бар
Құстарда да бала бар
2. Орманға бара жатқандар,
Аңшылық дәмін татқандар,
Өтінем түгел бәріңнен
Көктегі құсты атпаңдар!

Қазақстанның қызыл кітабында 50-ден астам құстар тізімделген, Олар жойылып бара жатқан, сирек кездесетін құстар оларды құртуға мемлекет тыйым салған.
Жұмбақ
Су бетін сызып, ақ құман жүр жүзіп (аққу)
Құстарға қандай қамқорлық көрсетіледі?
(Ұя жасау, атпау, жемсауыт жасау жем шашу т. б)
Құстар немен қоректенеді?
(Жем, бидай, дән, зиянды жәндіктер)
Жұмбақтар
1. Қонып алып жарға
Қарқылдайды (қарға)
2. Өзі сақ өзі ұзын
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын,
Бұтақтан бұтаққа ауысқан. (Сауысқан)
3. Адамдардың досы қандай құс (көгершін)
Жаңылтпаштар

Ойын Құстарға байланысты сөздер - құс ұшады (қонады, қанат қағады, самғайды, су ішеді, жем шоқиды т. б)
Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық
Мойнымызды созайық
1, 2, 3 Құс аспанға ұш
1, 2, 3 Құс аспаннан түс
Құстар жем жиді,
Құстар су ішеді
1, 2, 3
Құс аспанға ұш.

- Балалар, біз бүгін 3 топқа орталықтарға бөлініп жұмыс жасаймыз.
(Балалар фишка алып, қоңырау соғылғанда өз орындарын табады)
Орталықтарға бөлініп отырғызу.
1. Ғылым орталығы:
2. Өнер орталығы
3. Манипулитивтік орталық.

1. Ғылым орталығы:
1) Картадан Қазақстанды көрсету, Жылы жақты көрсету.
2) Құстардың атын атап, салыстыру(ұқсастығы, айырмашылығы Мысалы;
Көгершін, сауысқан, аққу)
3) Құстың жемін, жемсауытын көру, ұясын қауырсынын, көру (неден, қалай жасауға болады)
4) Суретпен жұмыс ТРИЗ бойынша

2. Өнер орталығы:
1 )Құстардың суретін салу

3. Монипулитивтік орталық:
Құстарды магнитті тақтада құрастыру.

(7 минуттан кейін белгі бойынша фишкаларын ауыстырамыз)
Орталықтар бойынша ауысып жұмыс істейді.
Барлық балалар ортаға жиналып әр орталықтың жұмыс нәтижесін айтады.
Қорытынды;
Ән Ақ көгершін


Скачать


zharar.kz