Шапшаң даму үстіндегі технологияның шаңына қақалып қалмау үшін мемлекетімізге білікті мамандар аса қажет. Әсіресе компьютерлік технология саласында. Себебі бұл саладағы білікті қызметкерлер саны аз, әрі біз қолданып, меңгеріп жүрген бағдарламалар күннен - күнге дамып, күрделену үстінде. Бұл салаға қызықтыру амалын негізінде мектеп қабырғасынан бастаған абзал әрине. Өйткені мұншалықты көп бағдарламаларды меңгеруге біршама уақыт қажет. Әлбетте ұстаздың жетегінсіз оқушылық ынтасыз бұл іске аспас. Ал мынау қағаздық есеп көп заманда ұстаздың уақытын үнемдеуде әрі оқушының сабаққа ынтасын арттыруда электронды оқыту (e - learning) таптырмас шешім.
Ұстаз сынып журналын толтыру, күнделіктерді тексеру, ата - ананы хабардар ету және т. б жұмыстарын енді компьютер іске асырады. Яғни ұстаздың уақыты көбейіп, дарынды балалармен жұмыс, білімін көтеру сынды қосымша жұмыстарымен айналысады. Бұрынғыдай ғаламторды аралап, өзіне қажетті құжаттарды іздеу қиындық туғызбайды. Себебі бұл бағдарлама бойынша ғаламтор жылдамдығы күшейіп, барлық компьютерлер желіге қосылулары үшін сымсыз байланыстың (wi - fi) ауқымы кеңейеді.
Оқушының компьютерлік технологияға қызығушылығын арттыруда оқулықтың орны ерекше. Себебі, кейбір информатика кітаптарында тұнып тұрған теория жинағы оқушы түгіл ұстаздың басын қатыруы ықтимал. Сондықтан оқулықтан тыс ғаламтордан қосымша мәлімет алу міндетті іс. Тіпті Қазақстанның 70%- ы қолданатын Windows операциялық жүйелерінен тыс Linux, Mac OS сынды жүйелермен танысқаны жөн.
Top500. org сайтында әлемдегі ең мықты саналатын компьютерлердің 80 %- ы Linux ОЖ негізінде. Әлемге ең танымал, әрі өздеріңіз қолданып жүрген Google - дың Android - платформасы осы Linux - ты пайдаланады.
Қорытындылай келсек осынау дамыған мемлекеттер көшіне қосылуға, білікті мамандар дайындап, оқыту сапасын арттыруда, электронды оқыту үлкен көмек болмақ.