Әр бөлім бойынша білім деңгейлерін тексеру
Фонетика
І нұсқа
1. Еріндік дауысты дыбысты көрсет.
а а, ә, е, у, ы ә. ә, е, ұ, ү, у б. о, ө, ұ, ү, у
2. Дауыссыздар нешеге бөлінеді?
а. 2 ә. 3 б. 4
3. Ашық дауыстыларды көрсет.
а ы, і, ұ, ү, о, ө ә. ә, а, е, о, ө, э б. у, ә, ы, ө, о
4. Буынның неше түрі бар?
а. 4 ә. 3 б. 2
5. Ұяң дауыссыздарды тап.
а. б, в, г, ғ, д, ж, з ә. қ, т, с, ш, п, ф, щ, х б. м, н, ң, р, у, л, й
6. Тасымалданбайтын сөзді көрсет
а. АҚШ ә. бақыт б. тәрбие
7. Қатаң дауыссыздарды көрсет.
а. г, ғ, д, ж, з, в ә. қ, т, с, ш, п, ф, щ, х б. м, н, ң, р, у, л, й
8. Ашық дауыстылардың саны нешеу?
а. 7 ә. 6 б. 5
9. Буын үндестігіне бағынбайтын түбір сөзді тап.
а. түбір сөз ә. кірме сөз б. туынды сөз
10. Қай буынға екпін түседі?.
а. ортаңғы буынға ә. соңғы буынға б. бірінші буынға
11. Езулік дауыстыларды тап.
а. о, ө,, ү, ұ, у ә. а, ә, е, э, ы, і, и б. ы, і, ұ, ү, у, и
12. Қысаң дауыстыларды көрсет.
а. о, ө,, ү, ұ, у ә. а, ә, е, э, ы, і, и б. ы, і, ұ, ү, у, и
13. Жақтың қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
а. Ашық, қысаң ә. Еріндік, езулік б. Жуан, жіңішке
14. Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
а. Ашық, қысаң ә. Еріндік, езулік б. Жуан, жіңішке
15. Еріннің қатысыны қарай дауыстылар қалай бөлінеді?
а. Ашық, қысаң ә. Еріндік, езулік б. Жуан, жіңішке
16. Жуан дауыстыларды ата.
а. ұ, о, ы, а ә. ә, а, ұ, ү б. а, ы, ұ, э
17. Ашық буыннан құралған сөзді көрсет.
а. Болады ә. Өрнек б. Атты
18. Бітеу буыннан құралған сөзді көрсет.
а. Балталы ә. Жаздық б. Аз
19. Тұйық буыннан құралған сөзді көрсет.
а. Ас ә. Тамақ б. Дәм
20. Қазақ тілінді неше әріп бар?
а. 38 ә. 43 б. 42
21. Қазақ тіліне тән дыбыстардың саны қанша?
а 7 ә. 9 б. 8
22. Әріп санынан дыбыс саны көп сөзді көрсет.
а. Жол ә. Қағаз б. Ою
23. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз.
а. Балалар ә. Жұмыскер б. Ойыншық
24. Мына сөздердің қайсысы дұрыс жазылмаған.
а. Тоқу ә. Жорыу б. Кему
25. Екпін түспейтін қосымшаны көрсет
а. ұшқышпын ә. әкелді б. еңбекші
26. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың саны қанша?
а. 12 ә. 9 б. 15
27. Тасымалданатын сөзді тап.
а. 20см ә. даңқ б. уыста
28. Қай қосымша қате жалғанған.
а. Паркқа ә. Банкке б. Факстен
29. Фонетика нені зерттейді?
а. Дыбыстарды зерттейді ә. Сөз мағынасын зерттейді б. Сөздердің дұрыс жазылуын зерттейді
30. Қазақ тілінде екпін........................
а. Тұрақты, сөздің соңғы буындарына түседі ә. Жылжымалы, сөздің кез келге буындарына түседі б. Жоқ