Атырау облысы, Махамбет ауданы
Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Некесова Сәния Исламқызы
Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Тт дыбысының әріптік таңбалануын, жазылуын таныстыра отырып, оған дыбыстық мінездеме беру, білімдерін қалыптастыру.
2. Зерек, байқағыш, алғырлыққа баулу
3. Ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Т тәрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, сюжетті суреттер, кеспе буындар, сигналдық белгілер
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сатылай кешенді талдау, ой қозғау, топтау, көрнекілік
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: 1Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару
2. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
3. Сөз ойла ойыны.
А дыбысына байланысты сөздер ойлау
А қандай дыбыс?— дауысты, жуан
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
а) Сергіту сәті
Сары ала торпақ
Бүйірі томпақ
Басады жайлап
Басын ол шайқап
- Оқушылар осы өлеңде сіздерге қай сөз түсініксіз?
Ойшақыру
Торпақ (торпақ сөзінің мағынасы түсіндіріледі)
- Қане, осы сөзді бірінші дыбысын байқайық.
- Қандай дыбыс естіліп тұр?
- Хормен айтып көрелік.
- Қандай дыбыс?
- Т дыбысы.
- Ендеше, бүгінгі танысатын әрпіміз т дыбысы.
- Баспаша, жазбаша түрімен таныстыру
- Т дыбысы қандай дыбысқа жатады?
- Дауыссыз. Тт дыбысы неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыздар?
- Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап, ауа қысылып шығады.
- Ол қатаң дауыссыз дыбыс
Тт әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады. - дыбысына қатысты бірнеше сөз ойлайық.
Ойын Кім көп сөз ойлайды?
2. Т дыбысына байланысты сөздер ойлап айту тақия, торсық, тостаған, торғай, тарақ, тауық т. б...
- Оқушылар, кімдер торғай туралы тақпақтар біледі?
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Оқулықпен жұмыс. З4 - бет
1. Буындар оқу та, ат, ата, атта
2. Сөздерді буынға бөлгізу.
Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.
1. Ата деген сөзде неше буын бар?
Ата сөзі жуан буынды, сөзде екі буын бар, себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
2 Бірінші буыны - А ашық, екінші буыны - та ашық буын, себебі дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбыстан аяқталып тұр.
3. Ата сөзі 2 - буынды сөз болғанмен, жалғыз дауысты дыбысты жолдың екінші жағына қалдырып кетуге болмайды., себебі тасымал буын жігіне сәйкес емес.
4. Ата сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау
дауысты
1 дауыссыз
Ата=3 = [2 2а] +[1 т]; 3 әріп; 3 дыбыс
Атта =4 =[2 2а]+2[2 т]; 4 әріп; 4 дыбыс
Дауыссыз Тт дыбысына математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру
А) Үн мен салдырдың қатысына қарай:
Т дыбысы қатаң, себебі, бұл дыбыс тек салдырдан тұр
Ә) Айтылу тәсіліне қарай:
Т дыбысы шұғыл, себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері
бір - біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады
Б] Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: Т дыбысы тіл мен тіс
Сергіту сәтін өткізу
б) Сөздерді буынға бөлгізу.
Топпен жұмыс
1 - топ Торғайдың суретін салу
2 - топ Т дыбысына сөздер ойлау
3 - топ Т дыбысынан басталатын тақпақтар айту
ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.- Оқушылар, Т дыбысы қандай дыбыс? - Сөздің қай жерінде келеді?
Дәптермен жұмыс.
Т ның бас әрпі. 1 Ауада жазып үйрену.
Т ның кіші әрпі. 2 Дәптерге жазу
Ү. Білімді бекіту:
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Тт әрпі және дыбысымен таныстық
Үйге тапсырма
Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша өтілген сабақтардан соң оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеті дамитынын, өзіндік ой қорыта білуге
дағдыланатынын, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселінетінін, шәкірттерімді ұқыптылыққа тәрбиелей алғанымды байқадым. Сатылай кешенді талдау сызбасын негізге ала отырып, тілдік материалды жүйелеп, айтылуы, жазылуы, сөйлесу дағдысын сатылап дұрыс айтуға, талдауға дағдыландыра алдым деп ойлаймын.
Әрине, өз іс - тәжірибемде, білімді, білікті, белсенді жеке тұлға тәрбиелеп шығаруда қазақ халқының төл технологиясы Cатылай кешенді талдаудың алар орны ерекше екендігін баса айтқым келеді.