Microsoft Office Word программасын іске қосу

Скачать

Оңтүстік Қазақстан Облысы, Түркістан қаласы,
№14 жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Сарсенбаева Гулмира Муратовна

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Office Word - қа кіріспе. Microsoft Office Word - пен танысу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Microsoft Word - ты іске қосу, Word терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ
Көрнекілігі: Буклеттер, карточка.
Құрал - жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, компьютерлік слайдтар, оқулық, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;
2. Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін логикалық сұрақ
Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойғанда 4 - тен артық, 5 - тен кем сан шығады? Жауабы: бөлшек таңбасы - 4, 5

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Электрондық оқулық арқылы тапсырмаларды орындау.
1 – тапсырма: Басқару тақтасын іске қосу жолын көрсетіңіз.
Пуск - Настройка - Панель урпавления
2 – тапсырма: Іске қосу менюінің көмегімен жұмыс үстелін баптауды
шақырыңыз. Пуск - Настройка - Панель урпавления - Экран
3 – тапсырма: Жанама меню көмегімен жұмыс үстелін баптауды
шақырыңыз.
Тышқанның оң батырмасын басамыз, шыққан
жанама менюден Свойства командасын таңдаймыз, шыққан қосымша терезеден Рабочий стол батырмасын басамыз
4 – тапсырма: Жұмыс үстеліндегі қойылымды ауыстырыңыз.
Қосымша терезеден шыққан қойылымдарды таңдаймыз,
Применить – ОК батырмаларын басамыз
5 – тапсырма: Іске қосу менюінің көмегімен Іздеуді шақырыңыз.
Пуск – Найти – Файлы и папки
6 – тапсырма: Менің компьютерімді вирусқа тексеріңіз де, табылған
вирустарды жойыңыз
Менің компьютерімді белгілеп тышқанның оң батырмасын
басамыз, шыққан қосымша менюден Проверить на вирусы
командасын орындаймыз, шыққан қосымша терезеден
Удалить батырмасын басамыз

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Microsoft Office Word – бұл мәтінді енгізуге, редакциялауға, форматтауға және баспаға беруге арналған мәтіндік процессор. Одан басқа бұл программа құжатқа суреттерді, кестелерді диаграммаларды кірістіруге, сондай - ақ орфографиялық және граматикалық қателерді және басқаларды түзетуге мүмкіндік береді.
Microsoft Office Word программасын іске қосу:
1. Пуск – Программы - Microsoft Office - Microsoft Office Word.
2. Пуск - Microsoft Office Word белгішесінде тышқанды шерту арқылы
3. Жүмыс үстеліндегі Microsoft Office Word жарлығында тышқанды шерту арқылы.
Microsoft Office Word – та құжатты жабу:
1. Файл – Выход командасы арқылы;
2. Word терезесіндегі х батырмасын басу арқылы;
3. АLT+F4 пернелер комбинациясын басу арқылы;
Microsoft Office Word – та құжатты сақтау:
1. Құжатты алғаш рет сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындау қажет, сол кезде қосымша терезе пайда болады. Одан әрі қарай әдетте файлдың атын көрсетуге және де қажет болса керекті буманы немесе дискіні таңдауға болады;
1. Тапсырмаларды орындау электрондық оқулықпен ;
1 – тапсырма: Microsoft Office Word бағдарламасын іске қосыңыз.
Пуск - Все программы - Microsoft Office Word
2 – тапсырма: Ерекшеленген аймақтағы мәтінді алыңыз да оны сақтаңыз.
Файл – Сохранить – Шыққан қосымша терезеден Сохранить
батырмасын басамыз
3 – тапсырма: Microsoft Office Word құжаты терезесі элементтерінің
атауларын жақтауға енгізу.
Пішімдеу үстелі, сызғыш, күй жолағы, стандартты үстелі, мәзір
жолағы, тақырып жолағы, айналдыру сызығы, тапсырмалар
аймағы
4 – тапсырма: Microsoft Office Word құжатын ашыңыз?
Файл – Открыть – Шыққан қосымша терезеден Открыть
батырмасын басамыз
5 – тапсырма: Стандартты құралдар үстелінде мына амалды орындау үшін
қолданатын батырманы басыңыз:
1. Мәтін үзіндісін көшіру;
2. Емле ережесін тексеру параметрін баптау;
3. Ағымдағы құжатты сақтау;
4. Аралық сақтағыштан мәтін үзіндісін кірістіру;
5. Жаңа құжат жасау;
6. Мәтін үзіндісін қиып алу;
7. Сақталған құжатты ашу;
8. Соңғы әрекетті болдырмау;
9. Мәтінді газет бағандарына бөлу.
6 – тапсырма: Форматтау тақтасы көмегімен ерекшеленген мәтінді жасаңыз:
Жартылай қарайтылған Форматтау тақтасындағы
Жартылай қарайтылған батырмасын басамыз
7 – тапсырма: Форматтау тақтасы көмегімен терілген мәтінді теңшеңіз:
Ортасы бойынша Форматтау тақтасындағы
Ортасы бойынша батырмасын басамыз

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz