Қандай әдемі балалар

Скачать

Бақытты балалық шақ
Сәбилер тобының ертеңгілігі
жүргізуші Армысыздар! Құрметті қонақтар!
Армысыздар! Ұстаздар, ата - аналар!
Міне, бүгін өнер - білім көрсетіп,
Бүлдіршіндер сіздерді тамсандырар.

Жүргізуші: Көктемде тіршіліктің бәрі оянып, жан - жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Торғай, қарға, тауық.
Жүргізуші: Ия, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?
- Жұмыртқа шығарады.
Жүргізуші: Ендеше, "Алтын жұмыртқа" ертегісін еске түсірейікші.
Жүргізуші: Балалар ертегі не туралы екен?
- Алтын жұмыртқа туралы.
Жүргізуші: Онда тағы қандай кейіпкерлер бар?
- Ата, әже, тышқан, тауық
Жүргізуші: Ал енді осы ертегіні сахналап көрсетейікші.
Сахналау Алтын жұмыртқа

Жүргізуші: Балалар ал жұмыртқадан не шығады?
Балалардың жауаптары Балапан
Жүргізуші: Балалар, ендеше бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайықшы.
( Шөжелер әніне қимыл би жасайды)
Жүргізуші: Балалар жұмыртқаның пішіні қандай?
- Пішіні сопақша
Жүргізуші: Түсі қандай?
- Түсі ақ.
Осы кезде тауықтың дауысы естіледі.

Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі?
Топқа қыт - қыттап тауық кіреді.
Тауық: Қыт – қыт - қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай әдемі балалар!
Жүр - ші Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?
Тауық: Ия, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз.
Жүргізуші: Жұмыртқаны жина ойыны. Балалар сынып қалған жұмыртқаның бөліктерін тауып құрастырады.

Тауық: Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым.
Жүргізуші: Балалар, сендерге ана тауықта риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді ана тауықпен бірге серуенге шығып Балапандар ойынын ойнайық.
Жүргізуші: Ауылда ата мен әжелерінде қошақандар бар ма? Балалар біз қошақан туралы өлең білеміз ғой. Қане бәріміз тұрып айтайықшы.

Ән Қошақаным қайда екен?

Жүргізуші: Біздің балалар жыл бойы жаттаған тақпақтарын айтып берсін. Тамашалаңыздар.
Мирас, Науан, Самир т. б
Бір кезде күн мен бұлт кіреді.

Күн:
Мен жарқырап төбеде
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне
Бала жанын ұғамын.

Бұлт:
Күн, күн, тоқтай тұр!
Сөзімен менің құлақ тұр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір бола ма?
– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін күн туралы әнін орындап берейік.

Жүргізуші: Ән Әрқашан күн сөнбесін
Күн мен бұлт қоштасып кетеді.
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман - есен жүрейік
Келер оқу жылына!

Жүргізуші: Міне, құрметті ата – аналар, кеше ғана бүлдіршін боп, өздеріңізге еркелеп отырған балаларыңыз өздерінің 1 жыл ішінде меңгерген білім, білік, өнер дағдыларын алдарыңызға салды. Ендігі сөз кезегі сіздерде.


Скачать


zharar.kz