Адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіре білуге баулу, жағымсыз қылықтардан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу

Скачать

Сабақ тақырыбы: C. Аронұлы Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңі
Сабақ мақсаты: а) Ақынның өмірі мен шығармашылығын танысу, өлеңнің идеясын, мазмұнын ашу, көркемдік ерекшелігін таныту.
Ә) Адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіре білуге баулу, жағымсыз қылықтардан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Б) Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жасай білуге үйрету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге дағдыландыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, СТО элементтері, кластер, топпен жұмыс, талдау, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, ой толғаныс.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, үнтаспа, буклет, маркер, ватман, смайликтер
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі ( амандасу, түгелдеу, топқа бөлу, бағалау парағын тарату.)
Жаңа сабақ
Ой қозғау ( Интерактивті тақтадан бейнефильм көрсетіледі, оқушылардың не түйгендерін, көз алдына не елестеткендерін, адамның қандай қасиеттері болатынын жазады, топтастырады.)

Сыйластық
Жамандық
Адамгершілік
Тәрбие
Жақсылық

Олай болса, осындай адамның бойындағы әр түрлі қасиеттерге байланысты Аронұлының Жақсы мен жаман адамның қасиеттері атты өлеңімен танысамыз.
Электронды оқулық арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталамыз.
Мағынаны ашу.
1 Өлеңді үнтаспадан тыңдату
2 Екі топқа бөліп оқыту, әр оқушы оқи отырып, түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды, шумақтың мағынасын ашады, топта бір - біріне түсіндіреді.
1 топ Жақсы кісі туралы
2 топ Жаман кісі жайында

Жақсы кісі туралы
Ел - жұрттың қаласындай, Әмме жұрттың анасындай, миуалы алма, өріктің ағашындай.
Жүзі жылы, сөзі майда. Қалың жүнді көрпесіндей, Елінің ағасындай.

Жаман кісі жайында
Көкірегі - көр, көзі соқыр, жалған сөзбен бықсытар, әркімге бір ұрынады, ешкімге сүйкімі жоқ, жылқының аласындай, балтаның ұңғысындай.

Әдеби теориялық ұғымдармен жұмыс
Теңеу: Жанбай қалған ағаштың шаласындай , жылқының аласындай т. б.
Сөздікпен жұмыс (оқушылар өлеңнен түсініксіз сөздерді түртіп алады)
Ой толғаныс.
1топ Адамгершілік - асыл қасиеттер эссе
2 топ Жақсылық пен жамандық туралы мақал - мәтелдер жазады.
( Шектеулі уақыттан соң оқушылардың жауаптары тыңдалады, өз жұмыстарын қорғайды.)
Бағалау. (Оқушылар бір - бірін смайликтер арқылы бағалайды.)
Үй тапсырмасы: 1) Ұлылар үндестігі ( Жақсы мен жаман қасиеттерге байланысты басқа ақындардың шығармашылығымен салыстыру, іздену.)
2) Өлеңнен үзінді жаттау


Скачать


zharar.kz