Астана қаласы, № 53 мектеп - лицейінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:
Мухамедина Айнур Сабыржановна
Сабақ тақырыптары:
1. Гимнастика және ұлттық ойын
2. Волейбол, тұру және орын ауыстыру ережелері.
3. Баскетбол. Допты оң және сол қолмен еркін алып, беуді қалыптастыру.
Тақырыбы: Баскетбол. Допты оң және сол қолмен еркін алып, беуді қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты:
1. Допты беру және қағып алу тәсілін жетілдіру
2. Допты жылдамдықпен алып жүруді бекіту
3. Екі аттап допты себетке салу
4. Оқушылардың шапшаңдығын дамыту
Сабақтың түрі: Оқу - жаттығу сабағы
Өтілетін орны: Спортзал
Керекті спорт құралдары: Доп, ысқырық т. б керек құралдар.
Сабақтың мазмұны
1. Дайындық бөлімі:
Сәлемдесу
Оқушылардың спорттық формаларын қадағалау
Оқушылардың тәртібін қадағалау
2. Сабақтың мақсатын және тақырыбын түсіндіру
Жаттығуларды жасағанда оң аяқтың өкшесі сол аяқтың ұшымен оңға бұрылу
3. Саптағы жасалатын жаттығуларды қайталау
4. Сапта жүру
5. Жүгіру
Залды айналып жеңіл жүгіру
Оң және бүйірмен қолды айналдырып (алдыға артқа) жүгіру
Өкшені алақанға тигізіп жүгіру
Залдың бір бұрышынан екінші бұрышына дейін бар жылдамдықпен жүгіру
Баяулап тоқтау қалыпты жай жүгіру
Дұрыс дем алу жаттығулары (қолды екі жанарымыздан жоғары көтеріп демді ішке алу және және шығару)
6. Жалпы дамыту жаттығулары
o Басты оңға, солға, төмен, жоғары бұру
1 Оңға 2 Солға
3 Жоғары 4 төмен
o Қолға жаттығу
1 - 2 қолды алға созып тұрып қайталау Қолды
1 - 4 алға айналдыру
5 - 8 артқа айналдыру
1 - 4 қолды ішке
5 - 8 қолды сыртқа
o Белге жаттығу
1 - 2 қол желкеде бұрылу
3 - 4 дәл осылай солға
1 - 4 қолды аяқтың ұшына тигізу
1 - 2 пружина түрде оңға
3 - 4 солға иілу
o Аяққа жаттығу
1 - 5 оң аяқпен
5 - 10 сол аяқпен
1 - 10 екі аяқпен секіру
Толық нұсқасын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу