Балалар менің орманымның бәрі әдемі

Скачать

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; саңырауқұлақ туралы білімдерін нақтылау; түстерді ажырата білуді үйрету; тапсырманы шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Балалар саппен залға кіреді.
- Саламатсыңдар ма, балалар?
- Саламатсыз ба?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
Айларын атайықшы?
- Ендеше балалар барлығымыз саппен күзгі орманға саяхатқа барайық!
- Балалар бірдеменің дауысы естілетін сияқты, мен барып қарайын?
Мыстан кемпір: Ха - ха - ха Мен сендердің апайларыңды сиқырлап кеттім. Ха - ха - ха - ха
Орманшы атай: Саламатсыңдар ма, балалар!
Балалар: Саламатсыз ба?
Орманшы атай: Сендер орманда не істеп жүрсіңдер балақайлар? Неге жалғыз жүрсіңдер?
Балалар: Біз Арай апайымыздан адасып қалдық. Апай қазір келеді.
Орманшы атай: Балақайлар сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Жоқ
Орманшы атай: Мен орманды қарауылдайтын орманшы атаймын. Ендеше мен сендерді менің орман әлемімен таныстырайын. Менімен бірге барасыңдар ма?
Жансен: Жоқ біздер бөгде адамдармен ешқайда бармаймыз. Қазір біздің Арай апайымыз келеді. Бармаймыз ғой достар!
Мадина: Жоқ, Жансен орманшы атай сенімді атай. Ол мына ормандағы барлық жан - жануарларды жақсы көреді. Бізге Арай апай айтқан жоқ па, орманшы атай мейірімді деп. Ендеше достар кеттік.
(Балалар орманшы атаймен орманға барады)
Орманшы атай: Балалар менің орманымның бәрі әдемі. Мына жерде кішкене көпіршік тұр. Қане сүрінбей өтейік. Қане таза ауамен терең дем алып көрейік.
(Музыка әуенімен саңырауқұлақ кіреді)
Саңырауқұлақ: Саламатсыңдар ма, балалар!
Балалар: Саламатсыз ба?
Саңырауқұлақ: Орманшы атай мына орманда балақайлар не істеп жүр?
Орманшы атай: Балалар орманда адасып қалыпты. Олар апайларын таба алмай жүр.
Саңырауқұлақ: Мен сендердің апайларың қайда екенін білемін. Мен тал бұтағының астында тұрған кезде Жалмауыз кемпір сиқырлап кетті. Сендердің апайларың мына тұрған орманшы атай, нағыз орманшы атайды мен жаңа ғана арғы орманнан көрдім. Мен жалмауыз кемпірдің артынан еріп, сиқырлы таяғын ұрлап алдым. Апайларыңды қайтарайын ба?
Балалар: Иә
Саңырауқұлақ: Ендеше сендерге қояр шартым бар. Сендер маған көптеген достар жасап бересіңдер ма?
Балалар: Иә
Саңырауқұлақ: ендеше орманшы атай мана сиқырлы қапқа кіріңіз. Алақай, малақай. Алақай, малақай. “Ақбота”тобының апайына айнал!
Әсем: Арай апай біз саңырауқұлаққа уәде бердік. Біз оған жапсыру оқу іс - әрекетінен саңырауқұлақ жапсырып беруге.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендерге көп - көп рахмет. Мені сиқырдан құтқардыңдар. Мен сендерді мақтан тұтамын. Ендеше кәне шығармашылық орталыққа барып, саңырауқұлаққа берген уәдемізді орындайық.
Орындықтарымызды ыңғайлы етіп орналастырайық. Жасалу жолын ұғынып алайық. Екі бөліктен тұратын саңырауқұлақты қағаз бетіне жапсырамыз. Денесі және қалпағы. Денесін қағазымыздың төменгі жағына орналастырамыз, ал қалпағын жоғары, яғни денесіне біріктіре отырып жапсырамыз. Желімді балалар түрлі - түсті қағаздың ақшыл жағына жағамыз.
Балалар не жетіспей тұр?
Балалар: қалпағындағы дөңгелекшелері.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Қане алдарымызға қарап жұмысты бастайық.
(Балалар жұмысты орындайды. Музыка әуені орындалып тұрады.)
Тәрбиеші: Балалар қане жасаған жұмысымызды саңырауқұлаққа берейік.
Бекжан: Саңырауқұлақ сізге көп - көп рахмет. Мынау біздің сізге берген уәдеміз.
Саңырауқұлақ: Рахмет балалар менде сендерге өте ризамын. Көп - көп рахмет. Мен сендермен қоштасайын. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Тәрбиеші: Қане, балалар балабақшамызға оралайық. Сендер шаршаған боларсыңдар, ендеше сергіп алайық.
Сергіту сәті:

Тәрбиеші: Қане, Жансен сен бізге келген жолды көрсете ғой?
Міне тобымызға да оралдық. Балалар сендер мен жоқта не істедіңдер?
Балалар: Біз орманшы атаймен орманға бардық. Орман өте әдемі. Саңырауқұлақ бізге көмек берді. Ол сізді сиқырлап берді. Біз оған саңырауқұлақ жапсырып бердік.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді сендер менен алыстап кетпеңдер жарай ма?
Балалар: Жарайды апай.
Ендеше қонақтармен қоштасайық.
Біз орманда адастық
Көп достарды көре алдық
Енді Арай апайды тыңдаймыз.
Еш уақыт жалғыз қалмаймыз.
Көріскенше күн жақсы
Сау, саламат болайық!


Скачать


zharar.kz