Сабақтың тақырыбы: Я я дыбысы мен әрпі (презентация)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Я я дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету, көркем жазуға машықтандыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ой тұжырымын жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойындағы рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кеспе әріптер, әліппе дәптері.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ұжымдық оқыту, ой қозғай, ой толғаныс
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы, саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық бейімдеу
Қайырлы таң достым,
Қайырлы таң болсын.
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын.
1 - слайд Орманға саяхат ауызша, қайталау жүргізу
Ой шақыру: Күн шұғыласы ойыны
Г - дыбысы қандай дыбыс?
Егіз сөзі қалай айтылып тұр?
Г дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан?
2 - слайд Орманға аңдардың ізімен бару
Ақан сері мәтінін оқыту
3 - слайд Аңдарды таныстыру
1. Жұмбақ шешу
Далада жүреді шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ. Қоян
4 - слайд Яя дыбысының баспа, жазба әрпімен таныстыру, қосарлы дауысты дыбыс.
5 - слайд суретке сәйкес сызбаны тап.
Та - қи - я, си - я, пи - яз, а - яқ
6 - слайд Оқулықтың 95 – бетіндегі бағандағы сөздерді оқу.
7 - слайд. Суретпен жұмыс.
Ша - ян буынға бөлу, 5 - дыбыс, 4 - әріп.
Таяқ, пияз сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
2 тапсырма суретпен жұмыс Сөйлем құрастыру
Қоян секіреді. Қоян орманда мекендейді. Қоян қорқады.
Сергіту сәті.
1 - 2 - 3
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
8 - слайд Қай сөзді жоғалттым ойыны
Қанат ұя жасады. Ұясы әдемі болды. Аян жақсы оқушы.
9 - слайд Әдемі жазу да - өнер
Жазу дәптерінің бетіндегі Я әрпін жазу.
10 - слайд Қоянның алдынан түлкі шықты
Жоқ әріптерді тап ойыны
Қи... р, а... з, та... қ, а... қ.
ІҮ. Қорытындылау
Шығармашылық тапсырма. Суретті сөйлет
Құзар шыңның қиясы -
Қыран құстың ұясы.
Қорған болмас қоянға,
Қырдың қызыл миясы.
Ой толғаныс.
1. Я – дыбысы қандай дыбыс?
2. Қалай айтылады?
3. Буын сөз құрайды.
Оқушыларды мадақтау.