Мұқағали Мақатаевтың өлеңі
Жер ылғалын, күн нұрын көріп толып,
Бал араға бар нәрін беріп болып,
Күннен күнге дерт жеңген нәрестедей
Гүл сарғайып барады семіп, солып.
Көрік кеткен лала гүл, раушаннан,
Жапырағын, сабағын қырау шалған.
Сумаңдаған ұрыдай суық жел тұр,
Жабырқаған гүлдерге лаң салған.
Ажарымен қоштасып, алаңымен,
Гүлдер семіп барады, сабағымен.
Түгі кетіп, жарғаққа айналған ба
Көздің жауын алатын дала - кілем?
Күнде көрсең тұратын күнде өртеніп,
Гүлдер сөніп барады,
Гүлдер сөніп.
Гүлдер семген,
Сарғайған да мұнда,
Гүлсіз көркі шамалы қаланың да!
Сабағынан үзілген гүл раушан
Жазды әкетіп барады жанарында.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке