Информатика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері. туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері. туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- модель туралы түсініктерін толықтырады;
- нақты өмірден модельдердің мысалдарын келтіре алады;
- модель қасиеттерін анықтайды;
- модельдерді түрге ажырата біледі;
- компьютерлік модельдердің қызметін түсіндіре алады.
Сабақтың көрнекілігі: Модельдердің суреттері, ватман, А4 қағаздары, түрлі - түсті маркерлер, стикерлер, бағалау парақтары.
Сабақтың барысы:
1 - Қосымша:
Модель (фр. modе1е, ит. modе11о, лат. modulus - өлшем, үлгі) - бұл:
- нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
- заттың кішірейтілген ұлғайтылған түрдегі макеті;
- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық ақпараттық аналогы;
- анықталған шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмасыра алтын алмастырушы – объектісі;
- модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтің жаңа объект.
Барлық моделдердің көп бейнелігі негізінен үш топқа бөлінеді: - материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілген ұлғайтылған көшірмелері;
- бейнеленуші модельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік);
- ақпараттық модельдер - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).
Ақпараттық модельдер: компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.
Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері жүктеу