Арыстан баб

Скачать

Қазақстан тарихы 7 сынып
Тақырыбы: 33. Қазақстанның 14 - 15 ғасырлардағы сәулет өнері (презентациясымен)
Мақсат 14 – 15 ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері – ескерткіштер, қолданбалы өнер туындыларын, кесенелерді, құрылыс материалдарының жоғары сапалы болғаны жөнінде түсінік қалыптастыру.
Көрнекілік 14 – 15 ғғ Қазақстан картасы, кесенелердің суреттері, кітаптары, зергерлік бұйымдар.
Әдіс - тәсіл: Саяхат сабағы, сөзжұмбақ, Көш ойыны.

Өткен сабақты қайталау: Оқушылардың өзара бір – біріне сұрақ қойып, пікірталасуы.

Сабақтың барысы:
Балалар, сәулет өнері Қазақстанның 10 – 12 ғғ Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастады. 13 ғасырдағы монғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен кесірін тигізді, 14 ғ – 15 ғ басынан архитектуралық маңызы бар ірі құрылыс салына бастады, ол кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілеріне АРЫСТАН БАБ, ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ, КӨККЕСЕНЕ, АЛАША ХАН, ДӘУІТБЕК, ТЕКТҰРМАС сияқты кесенелер жатады. Кесенелердің орналасқан жерін картадан көрсетеміз. Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи туралы айтып өту.
Оқушыларды 3 – топқа бөліп жарыстырамыз.
1 – топ: Арыстан баб
2 – топ: Қожа Ахмет Яссауи
3 – топ: Алаша хан

• Көш ойыны:
Тақтаға 9 түйенің суреті ілінеді. Түйенің өркешінде сұрақтар берілген. Ойын барысында әр топтың басшысы 3 сұрақтан алып, тобымен ақылдаса отырып жауап береді.
Сұрақтары:
1. Сәулет өнері деген қандай өнер?
2. Арыстан баб кесенесі қанша рет қайта салынды, неге?
3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылысы жайлы не білесің? Кесенені кім салдырды, қандай мақсат көздеді? Аңызын білсең айт.
4. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі туралы не білесің?
5. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?
6. Моншалар қай қаладан табылған?
7. Алаша хан кесенесі қай жерде орналасқан? Кесененің қандай ерекшелігі бар?
8. Қолданбалы өнер дегеніміз қандай өнер?
9. Шебер ғимарат сәнді болу үшін қандай нәрселерге көңіл бөлді?
Әр топ осы тақырыпқа байланысты сурет салып, өлең шығарады.
СӨЗЖҰМБАҚ
1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салдырған адам? Темір
2. Отырардағы ерекше көңіл аударатын архитектуралық құрылыс? Монша
3. Оңт. Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала? Отырар
4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы? Арыстан баб
5. Кесене сөзінің синонимі? Күмбез

Сабақты бекіту:
Сұрақтары: 1. Арыстан баб қай ғасырда өмір сүрді? Кесенесі қай жерде орналасқан?
2. Арыстан баб кімнің ұстазы?
3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қай ғасырда салды? Ол кісіні кім деп білесіңдер?
4. Сол ғасырда қандай өнер дамыды?
5. Алаша хан кесенесін суреттеп бер?
6. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі қай жерде орналасқан?
Үй жұмысы: 33 – тақырыпты оқу

Сабақты бағалау: Әр топтағы оқушының жұмысына байланысты жеке бағалар қою. Жеңген топқа орын беру.


Скачать


zharar.kz