Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
1. 7 санының пайда болуын енгізу, 7 цифрын жазуды үйрету. Білім қорларын молайту.
2. Салыстыра білуге, таза, әдемі жазуға дағдыландыру. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Тазалыққа, ұқыптылыққа, білім сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе сандар, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар т. б.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сабаққа назарларын аудару;
- Тренинг өткізу Күлкі сыйлау .
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Бірге үйге қайтамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген есептерді шығарып, сандар қатарын жазып келгендерін тексеру;
0 - ден 6 - ға дейін тура және кері санап, өткен сабақтарды еске түсіру.
Ойын: Үйін тап
III. Жаңа сабақ.
Геометриялық пішіндер арқылы көпір құрастыру
1. Ауызша 6 санының пайда болуын, 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандар қатары қайталанып, 6 - ны басқа сандармен салыстыру пысықталып, 7 санының пайда болуы, кестені пайдаланып 7 санының шығару. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сандар қатарын құрастыру, 7 - ні 6 - мен салыстыру.
Жазда шөпті шабар
Қыста тыныш табар
Шалғы бар әр үйде,
7 – ге ұқсас бәріде.
2. Оқулықпен жұмыс.
№1 Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру. 6+1=7 7 - 1=6
Кесіндінің ұзындығын өлшеу 7см 7см 6см, 5см, 4см, 3см, 2см, 1см т. б.
№2 7 цифрының кітапта және дәптерде жазылу үлгісін көрсету. Суретке қарап 6 мен 7 - ні салыстырып, , 6
6 □
6 = □
□ + □=6
6 - □=□
3. Дәптермен жұмыс.
Әрбір оқушы өз бетімен орындау. Таяқшалардың суретін пайдалану арқылы қосындылар мен айырманың мәндерін дұрыс табу, 7 - ні басқа сандармен, 7 см - ді басқа ұзындықтармен салыстыру. 7 цифрын жазып жаттығу.
6+1=
7 - 1=
4 3
21
0 5см
5см