Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Ақжайық балалар саз мектебінің қобыз класс оқытушысы
Неткалиева Арайлым Мақсотқызы
Тақырыбы: Қазақ халық әндерімен жұмыстану ашық сабақ
Сабақтың мақсаты: а) Қазақ халық әндерінің шығу тарихын айта отырып, оқушыға әнді мәнерлеп орындау қабілетін үйрету.
ә) Ұлттық музыканы, ұлттық аспапты сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.
б) Халық әндерін тыңдау арқылы, олардың сұлулыққа құштарлығын ояту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, сөзжұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: әдебиеттер, электрондық үнтаспалар, аспап, сөзжұмбақ.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасы
3. Жаңа сабақ түсіндіру, жаңа шығарманы талдау
Мұғалімнің кіріспесі:
Қобыз – қазақтың ежелден келе жатқан аспабы. Қобыз өнерінің даму жолы ғасырдан ғасырға жалғасын тауып, бүгінгі ұрпаққа асыл мұра ретінде жетіп отыр. Егеменді еліміздің шаттық үніне қобыздың үні қосылып, үйлесімді жарасып, жалғасын тауып жатыр. Құрылысы, ойналу тәсілі күрделі, қоңыр сазды тылсым үні адамның жан дүниесіне табиғи әсер қалдыратын ерекше аспап. Қобыз аспабында орындаудың тамыры өте тереңде жатыр. Орындаушылық өнердің алғашқы баспалдақтарында академик А. Қ. Жұбановтың атқарған еңбектері мен рөлі зор екенін атап өткен жөн. Домбыраға қарағанда қобызда ойнау тым қиын болғандықтан, оны екінің бірі ұстай алмайды.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыдан сұрақ - жауап әдісімен қобыз аспабының құрылысын, ысқышты жүргізу тәсілдерін, нотаның ұзақтықтарын, паузаларды, динамикалық белгілерді сұрау. Гамма соль мажорды екі октавада (деташе, легато, стаккатто штрихтарымен ойнату).
1. Концерт дегеніміз не? (жалғыз немесе бірнеше аспап пен оркестрге арнайы жазылған ірі көлемді шығарма)
2. Сонато дегеніміз не? (бір немесе екі аспапқа арналған сонаталық формадағы камералық шығарма).
Концертино А. Комаровский, Сонатино Л. Бетховен жатқа ойнау. (Концертмейстердің сүйемелдеуімен шығарманы әндетіп, дұрыс санап, таза дыбыстармен және динамикалық таңбаларға көңіл бөлуін қадағалап ойнату).
1930 жылы А. Жұбановтың басшылығымен қазақтың халық аспаптар оркестрі құрылып, тапсырыс бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер Э. Романенко және Қ. Қасымов қобыздың жаңа түрін, яғни үш ішекті прима қобызды жасады. 1953 - 1954 жылдары республикаға еңбек сіңірген Д. Тезекбаев жасап берген чертежі бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер А. Першин мен А. Тұрдыбаев жаңа төрт ішекті прима қобызды жасап шығарды.
Жаңа сабақ.
Қазақ халық әндерімен жұмыстану.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,
- деп Абай атамыз айтқандай қазақ халқы әнге бай. Ән, әуен қазақ халқының аңызы бойынша аспан әлемінен түсіп, ықылым заманынан осы кезге дейін жетіп отыр. Халық өзінің қуанышында, қайғысында, мұңында әнмен жеткізіп, әнді серік еткен. Халық музыкасында адам таңқаларлық көркемдіктер аяғыңды аттап басқан сайын кездеседі. Олар даладағы ешкім екпей, ешкім бақпай өзінен - өзі өскен гүл тәрізді. Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі ХХ ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан ауызға, әкеден балаға, ұстаздан шәкіртке, өткеннен болашаққа жеткізіліп отырған. 1930 жылдан бастап қазақтың жазба кәсіби өнері дами бастады. А. Жұбанов, Е. Брусиловский, А. Затаевич сияқты т. б. композиторлар мен зерттеушілер халық әндерін фортепиано сүйемелдеуімен орындауға және түрлі музыкалық аспапқа лайықтап жаза бастады. Осындай әндердің бірі халық әні Елік - ай . Әнді электрондық үн таспадан тыңдату . Әнді орындаған БҚМУ Өнер институтының Вокал және аспаптық өнер кафедрасының оқытушысы, қобызшы, көптеген республикалық облыстық, аймақтық конкурстардың лауреаты, Қобыздың қоңыр үнімен , Алыс арман атты электрондық оқулықтарының авторы Ж. И. Нұрымбетова.
Әнді талдау: Әннің аты – Елік – ай