Банк пайдасы – қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы.
Жылдық процентпен өрнектелген, қарыз капиталынан түсетін табыс –проценттік ставка деп аталады. Ол ұзақ мерзімді уақытпен анықталатын оташа проценттік ставкасына және әр күн сайын қалыптасатын нарықтық проценттік ставкасына бөлінеді. Оған әсер ететін факторлар:
а) капитал көлемі;
б) капиталдың өнімділігі;
в) капиталға сұраным мен ұсынымының қатынасы
Сонымен бірге, ол өз кезегінде тағы да номинал проценттік ставкасына және нақты проценттік стиавкасына бөлінеді.
Номинал проценттік ставка белгілі бір ақша бірлігінің (мысалы, теңге немесе доллар) бағамы бойынша белгіленетін ставканы айтады. Нақты проценттік ставка деп инфляциямен өзара сабақтас байланыста белгіленетін ставканы айтады.
Ставкалардың деңгейі төмендегі факторларға байланысты өзгеріп (мысалы, 7%-тең 20%-ке дейін) отыруы мүмкін.
1. Тәуекелдік. Егер борышқордың қарызды қайтара аламайтын қаупі күшейген кезде, несие беруші соғұрлым қарыз процентін көтере түседі.
2. Мезгілдік. Ұзақ мерзімге арналған қарыздар қысқа мерзімге берілетін қарызбен салыстырғанда жоғары проценттік ставкамен беріледі: себебі, ұзақ мерзімді несие берушілер өз ақшаларын баламалық пайдаланудан бас тартуына байланысты қаржылай залалдарға ұшырауы мүмкін.
3. Қарыз көлемі. Әдетте, азғантай мөлшердегі қарызға проценттік ставка жоғары болады. Себебі, көп және аз қарыздардың әкімшілік шығындары бірдей. Басқа да жағдайлар –бәсеке салық салу деңгейі және т.б. факторлар әсер етеді.
Проценттік ставканың атқаратын қызметі зор, өйткені ол өндіріс деңгейі мен оның құрылымына ықпалын тигізеді, яғни:
1. Төменгі проценттік ставка инвестициялардың өсуіне және өндірістің ұлғаюына мүмкіндік жасайды. Жоғары проценттік ставка инвестицияны «тұншықтырады» және өндірісті тежейді.
2. Проценттік ставка капиталдың орнығуына да әсер етеді.Ол ақшаларды ең табысты салаларға шоғырландырады.
Пайда - кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші. Пайданың шығар көзі қажетті өнімнің бір бөлігі мен қосымша өнім.
Пайда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетін қорытындылайтын негізгі көрсеткіш.
Пайда категориясын қарастырғанда экономикалық (ата) және бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның пайда болуы шығындардың ішкі және сыртқы (жоғарыда айтылған) болып шектелуінде.
Экономикалық (таза) пайда - кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан (толық түсім) ішкі және сыртқы шығындар сомасын (оған орта пайда да қосылады) алып тастағанға тең. Ал, бухгалтерлік пайда – кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан сыртқы өндірістік шығын көлемін алып тастағанға тең.
Пайда кәсіпорын іс-әрекетін қорытындылайтын синтетикалық көрсеткіш ретінде, оғын көп факторлар әсер етеді. Сондықтан пайданың көлемі сыналарға байланысты:
1) Еңбек өнімділігінің деңгейі: Еңбек өнімділігі жоғарылаған сайын өнім өндіру және оны сату көбейеді, өзіндік құны төмендейді. Осының бәрі пайданы көбейтеді.
2) Еңбек өндіруде материалдық және еңбек шығындарын үнемдеу. Осының нәтижесінде өндірістегі материал және еңбек сыйымдылығы төмендейді, капитал тиімділігі артып, пайда көбейеді.
3) Өндіріс құрылымының және өндірілген өнім ассортментінің үлесінің жоғары болуы пайданы көбейтуге жағдай жасайды;
4) Баға деңгейі. Шығарылған өнімдерге бағаның өсуі алынатын пайдаға тікелей пропорционалды, ал төмендеуі кері пропорционалды;
5) Авансыланған капиталдың жалпы айналым жылдамдығы. Қызмет жасап жатқан капиталдың айналымын тездету негізгі және айналмалы капиталды үнемдеуге немесе шығарылатын өнім көлемін өсіруге әкеліп соғады. Екі жағдай да пайданы көбейтуге әкеледі.
6)Жалпы пайданың таза пайда және мемлекетке аударуға бөліну. Мемлекетке жалпы пайдадан орынсыз, артық өндіру таза пайданы кемітіп, кәсіпорын экономикасының бірқалыпты қызмет жасау мүмкіншілігін төмендетеді.
Кәсіпорын барлық осы бағыттарда өз пайдасын көбейтуге тырысады, әрине олар оның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінде позитивтік маңызы бар.
Пайданың экномикалық категория ретіндегі мәні, оның төмендегі үш атқаратын қызметінен көрініс табады:
1) Пайданы өндірістік және коммерциялық іс-әрекеттеріне қорытынды баға беру көрсеткіші ретінде пайдаланады. Кәсіпорынның өндіріс және айналым сфераларындағы іс-әрекетінің барлық жағы пайдада көрініс табады. Бірақ пайда әмбебап көрсеткіш емес. Пайда категориясының көп факторлылығына байланысты пайдамен бірге басқа да көрсеткіштерді пайдалану қажет.
2) Пайда болуы қызметін атқарады. Пайданы қосымша құнды кәсіпорын мен мемлекеттің, кәсіпорын мен салалардың, кәсіпорын мен оның жұмысшыларының, өндірістік және өндірістік емес сфералардың арасында бөлу және қайта бөлуде қаражат рынагы ретінде пайдаланады.
3) Пайда ынталандыру қызметін атқарады. Бұл қызметі кәсіпорынды және оның жұмысшыларын экономикалық ынталандыру процесімен байланысты. Кәсіпорында пайданы марапаттау қорын құруға және өндірісті ұлғайту көзі ретінде пайдаланады.
Кәсіпорын пайдасы абсолюттік –ақша түрінде және салыстырмалы пайда нормасы (% -түрінде) ретінде анықталады.
Пайда нормасы пайданың барлық авансыланған капиталға қатынасы ретінде пайыз түрінде есептеледі.
Мұнда Р*- пайда нормасы;
Р – ақша түріндегі пайда;
К – авансыланған капитал
Пайда нормасы авансыланған капиталдың пайдалылылғын көрсетіп, оны әрі қарай қалай пайдалану жолдарын сілтейді. Сонымен, қатар пайда жалпы шығындарға қатынасымен де есептеледі. Бұл жерде өндірісте жұмсалған шығындардың пайдалылығын көрсетеді