Жай бөлшек пен ондық бөлшектің айырмашылығы

Скачать

Математика 5 сынып
Ондық бөлшектерді көбейту
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту
Жалпы мақсаты: Есеп шығаруда ондық бөлшектерді көбейту ережесін дұрыс қолдана білу
Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы
Оқыту әдістері: Диалогтік оқыту. Жеке оқушылармен жұмыс.
Күтілетін нәтижелер: Есеп шығару барысында ондық бөлшектермен амалдарды дұрыс орындау
Ресурстар: Оқулық, дәптер, кестелер, интерактивті тақта

Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
Сәлемдесу, түгендеу
Сабақ барысын таныстыру
Негізгі бөлім

Үй жұмысын тексеру:
Қайталау сұрақтары, өткен сабақ бойынша білімді тиянақтау
Миға шабуыл
1. Жай бөлшек пен ондық бөлшектің айырмашылығы?
2. ондық бөлшектерді 10, 100, 1000,... разряд бірліктеріне қалай көбейтеміз?
3. Ауызша есептеулер:
Жай бөлшекті ондық бөлшекке, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр:

есеп шығаруда көп кездесетін
жай бөлшекті ондық бөлшекке, ондық бөлшекті жай бөлшекке ойша айналдыра білу.

EXPO қалашығына саяхат жасай отырып, өткен тақырыпты пысықтаймыз.. EXPO туралы не білеміз?
Экспо (Expo) индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшiн ашық алаң болып табылатын Болашақ Энергиясы тақырыбындағы халықаралық көрме.
Бiрiншi дүниежүзілік көрме Лондондағы Гайд - паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Көрменің бас назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонның сәулеттік жобасымен таза шыны мен болаттан тұрғызылған Хрусталь сарайы болды.
Көрмеге кіру үшін билеттер аламыз.
Билеттер бойынша есептер шығару. Тапсырмалар түгел дұрыс орындалған уақытта саяхатымызды бастаймыз.

Астана қаласы,
№81 Astana English School мектеп – гимназиясының
математика пәні мұғалімі Мурзагалиева Гульнар Изимовна

Ондық бөлшектерді көбейту жүктеу


Скачать


zharar.kz