Ашылды жеңіс күннің парақтары

Скачать

Мерекелік іс - шараның мақсаты:
Оқушыларды өз Отанын сүюге, республикамыздың саясатын қолдауға, әділдікке, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлауға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, портреттер, гүлдер, шарлар, слайд, кітаптар көрмесі. т. б.

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ардагерлер, оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!

Мұғалім: - Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 70 жыл.

Ән: Қазақстаным менің
Орындайтындар: --------------------------------

Жүргізуші:
70 бейбіт көктем таң атқалы.
70 шуақты күн таратты әнін.
70 көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Туған өлкеміздің төл перзенті Әлия Молдағұлова жайындағы фильмді барлығымыз бірге көрейік.
Көрініс: Майданнан жазылған хаттар . 8 сынып оқушылары.

Мұғалім: Ұлы Жеңісті жақындатуға Аманкелді ауданы халқы да зор үлес қосты. Аманкелді ауданы бойынша 4872 адам майданға аттанып, 1521 жауынгер майдан даласында қаза тапты. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Мысалы; Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов -
1942 жылғы желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144 - ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800 - ші шабылдаушы авиаполкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы күндеріне дейінгі бүкіл от - жалынды бастан өткере кешіп өтті. Кітаптар көрмесі:

Жүргізуші:
Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік. Біздің салтанатты жиынға бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз ардагерлеріміз жақындап келеді. Орнымыздан тұрып құрмет көрсетейік.
Би: Қамажай . Орындайтын: -------------------------------------

Мұғалім: Ардагерлер - атамекен айбыны.
Сақтады олар елін - жерін, намысын,
Ақтады олар азаматтық борышын.
Сол үшін де қолтығынан демейік,
Ардагерге, майдангерге
Барлық жерде басымызды иейік.

Жүргізуші: Жазылған жоқ өткен күн жоралары,
Сиреп кетті – ау қарттардың аралары.
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі баламның балалары.

Мұғалім: Фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Ол соғысқа тартылмаған жан, отбасы жоқ. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлердің рухын үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік).
Жүргізуші: Құрметтеу сөзі ұсынылады.
Арман: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.
Көктем шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

Дамир: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Қазбек: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
Сағат: Саған құрмет бейбітшілік сақшысы
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы
Саған миллион жүректердің салюты
Саған сөздің шырайлысы жақсысы.
Жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
Сания Жарылғапованың орындауында День Победы әні.

Мұғалім: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70 көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 80 жылдығында кездесейік.

Жүргізуші: Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.

Мұғалім: Ардагерлерге мың тағзым!
Жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
Жер үстінің шуағы тарқамасын!
Мұғалім: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz