Әдебиеттік оқу 3 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев Үш бақытым
Сабақтың мақсаты: Үш бақытым өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Табыс критерийлері:
Өлең идеясын талдап, мазмұнын ашуға мүмкіндік беру. Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, өлеңдегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Сөйлеу дағдыларын дамыту.
Топта жұмыс барысында өз іс - әрекеттерін ұйымдастыра алуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
• оқушылар өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығады
• өлеңнің негізгі идеясын ашады
• Өлеңдегі үш бақытты салыстырып, айырмашылығын ажыратады
• Өз ойын білдіреді
• Жұппен, топпен бірлесіп жұмыс жасауға қалыптаса бастайды.
• Ортақ шешім қабылдап, талқылауды үйренеді.
Дерек көздер: Әдебиеттік оқу 3 - сынып, Бастауыш мектеп әдістемелік журналы ,
ғаламтор
Көрнекіліктер: Бағалау парағы, жапырақтар, балық кестесі, қима қағаздар, АКТ, слайд, видео
Қолданылған әдәс - тәсілдер: Топтастыру, ой қозғау, Даналық ағашы , Фишбоун әдісі, Инсерт түртіп алу, Ортадағы қаламсап , Синквейн әдісі
Мұқағали Мақатаев Үш бақытым . жүктеу