Айтылмай талай сыр қалды, қимастық сезім толды кеп

Скачать

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Лүпілдей соқты жас жүрек,
еркелеп назбен қарадым.
"Поезда - ақ хатты жазшы?!" - деп,
елжірей қалды жанарың.
Сезімтал жүрек, жас жаным -
бәрі де сен деп талпынды.
Білдірер аяқ басқаның
абыржып тұрған қалпыңды.
Сөз таппай, үнсіз тұрмын кеп,
теңіздей жүрек толқыды.
Ышқынды гудок жүр - жүрлеп,
мұңая қарап ол тұрды.
Сөйткенше қолдар бұлғанды,
мөлдіреп көздер соңғы рет.
Айтылмай талай сыр қалды,
қимастық сезім толды кеп...


Скачать


zharar.kz