Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға ұлттық киімдер туралы түсінік беру.
дамытушылығы: Ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілетін дамытып сабаққа қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру.
тәрбиелігі: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, халықтың ұлттық киімдерін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: киім үлгілері, суреттер.
Қажетті құралдар: қатырма қағаз, қайшы, желім
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Өткенді қайталау. Үйге берілген тапсырма.
1. Қиғаш өрімде таспалар қалай орналасады?
2. Мұндай өріммен қандай бұйым жасауға болады?
3. Жіп неден еседі?
Актуальдау.
Өткен сабағымызды халқымыздың қолөнерінен қиғаштап өру арқылы жасалатын бұйымдармен таныс болдық, енді бүгінгі сабағымызда халқымыздың ұлттық киімдерімен танысатын боламыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Әр халықтың өз ырымдары, өз ерекшеліктері сонымен бірге өз ұлттық киімдері де болады. Қазақ халқының киімдері жас шамасына қарай ерекшеленген. Жастар киімі ою - өрнекті, қызыл – жасылды болса, үлкендер киімінде өрнектер болады.
Киім - кешек үшін негізінен малдың жүні мен терісі пайдаланылады. Сонымен бірге сән - салтанатқа арнап ерекше құнды материалдан тіктіретін болған. Қазақтың киім-кешектеріне: тақия, бөрік сәукеле, шапан, тон, камзол, бүрмелі көйлек, етік т. б жатады. Бұл киімдер түр - түрге бөлінеді.
Сырт киімдер: шапан, тон, тұлып, тымақ, етік, саптама етік.
Сулық киім: шекпен.
Бір киер: той думанда киетін қымбат материалдан сәнді етіп тігілген киімдер.
Ішкі киімдер: көйлек, қамзол, кәзекей.
Қазақ халқы бас киімді аса қадірлейтін болған. Бұл бас киімдер екіге бөлінеді: Ер адамдарға, әйел адамдарға арналған.
Ер адамдарға: тақия, бөрік, тымақ, қалпақ.
Әйел адамдарға: тақия, сәукеле, бөрік, орамал, кимешек.
Сәукеле ең сәнді, күрделі баскиім. Сәукеле - қалыңдықтың бас киімі. Оны той өткенше киетін болған. Сәукеленің төбесін асыл тастармен, алтын, күміспен әшекейлейтін болған.
Тымақ пен бөрікті аң терісінен, сеңсеңнен жасап, барқыт пен атласпен тыстаған.
Енді балалар, түрлі - түсті қағаздан осы ұлттық киім үлгісін жасап көрейік.
Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесі:
1. Қайшыны ашық тастама.
2. Үшкір жағын адамға ұсынба.
3. Қағазды үнемде.
4. Таза, ұқыпты жұмыс жаса.
5. Жұмысыңды болған соң, үстел үстін жина.
Оқушылар жұмысын жасайды.
IV. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
Алақанды созамыз,
Орнымызға тұрамыз.
Балалар жасаған үлгісін көрсетіп, киімнің қай түрі екенін ажыратады.
Мақал – мәтелдердің жалғасын табу:
Байлық атасы - еңбек, анасы - жер.
Рахаттың түбі - еңбек, түбі - жеңіс.
Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.
Еңбек ердің көркі, ер елдің көркі.
Өнерлі баланың он саусағы тең, өнерсіз баланың бір саусағы кем.
V. Сабақты бекіту
1) Қазақ халқының дәстүрлі киімдерін неше топқа бөлуге болады?
2) Ерлердің бас киімдерінің қандай түрлерін білесіңдер?
3) Сәукелені кімдер киген?
4) Сәукелені немен әшекейлеген?
VI. Үйге тапсырма. Түрлі түсті қағаздан киім үлгісін жасағандарыңды аяқтап, ермексаздан бөрік, сәукелені моншақ, фольгамен әшекейлеп келу.
VIІ. Бағалау.
Шалқар қаласы, №4 орта мектебі
Өткізген: Оразалина А.