Балалар мен сендерге Арайлы күнде қонақта деген ертегі айтып берейін

Скачать

Күн жарқырап, шөп шықты
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Мақсаттары:
Білімділік: Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес (қағазбен бастыру, шиыршықталған қағаздар арқылы) тәсілдерімен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылық қиялын саусақ моторикаларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды сүйіспеншілікке, мейрімділікке тәрбиелеу
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Сөздік жұмыс: Арайлы, шалғында
Көрнекіліктер: "Арайлы күнде қонақта" ертегісі слайд, күннің суреті, балапандар, шөп
Пәнаралық байланыс: Қатынас, денсаулық, шығармашылық, таным
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың барысы:
- Балалар бүгін бізге көп апайлар келіпті. Қане балалар, апайлармен амандасайық.
- Сәлеметсіздерме.
Шаттық шеңбер
Армысыз, қайырымды Аспан - Ата!
Армысыз, мейірімді Жер - Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын - күн!
Қуанайық шаттанайық бәріміз!
Күліп шықты күн бүгін.
Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберді қимылмен айтады.
- Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
- Күн
- Өте тамаша
- Бүгін күн қандай? Ауа райы қандай?
- Күн жарқырап тұр, ауа райы жылы.
- Күн қандай болады?
- Дөңгелек, үлкен, ыстық болады.
- Күннің түсі қандай?
- Күннің түсі сары болады.
- Балалар, күннің көзі жарөырап щыққан кезде табиғат құлпырып, гүлдер шөптер, құстар, жануарлар, адамдар ұйқыдан оянып өздерін қуанышты сезінеді.
(Балалар мұқият тыңдайды).
- Балалар, аспанда күн болмаса, дала қандай болады?
- Дала қараңғы, суық болады.
- Күн бізге, жерге жылуын, сәулесін шашып тұрады.
Балалар мен сендерге " Арайлы күнде қонақта " деген ертегі айтып берейін.
(Ертегі слайд арқылы көрсетіледі).
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Иа, ұнады.
- Күнді қалай оятты? Күн неліктен көпке дейін аспанда болған жоқ
- Оны бұлт басты

Таңғажайып сәт. Перде ашылып, жайылып жүрген балапандарды көреді
Қане балалар бойымызды сергітіп алайық
Бала, бала балақан
Қане қайсы алақан
Саусақтарын әйбат
Былай, былай ойнап.
Топ, топ, топ, топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!
(Балалар әуенмен сергіту сәтін қимылмен орындайды)
Балалар, күн жарқырап шыққанда, балапандар жайылғысы келіп жүр екен.
Ендеше біз балапандарға күнді жарқыратып, шөптің суретін салайық.
- Қане балалар балапандарға көмектесеміз бе?
- Иа көмектесеміз
- Ендеше біз мына кедергіден өтуіміз керек
(Балалар кедергіден денелерін тік ұстап екі қолдарын тепе - теңдікте ұстап өтеді)
- Енді балалар екі топқа бөлінейік
І топ Балапан тобы
жарқыраған күнді қағазбен бастырып, шөптің суретін себу арқылы салады.
ІІ топ Күн тобы
түрлі түсті қағаздан күн мен шөпті жапсырады
І топ
- Балалар ең бірінші қағазбен бастыру арқылы күнді саламыз, сосын шөпті бастыру арқылы саламыз
- Балалар бояуды ауызға салмаймыз. Болған соң қолымызды дымқыл сулықпен сүртеміз.
ІІ топ
Бірінші ұсақ қағаздарды желімдеу арқылы күнді және шөпті жапсырамыз.
Балаларға қауіпсіздік ережесін айтып өтемін
Желімді көзге жақпаймыз, ауызға салмаймыз
(Балалар мұқият тындайды)
Балалардың іс - әрекеттері
Балалардың жұмыстарын талдау

Қорытынды
- Күн қандай болады?
- Дөңгелек, үлкен, ыстық болады.
- Күннің түсі қандай?
- Күннің түсі сары болады.

Дидактикалық ойын: "Күн шуақтары"
Үйге тапсырма: Күн туралы тақпақ жаттау
Балаларды мақтап - мадақтау.

Балабақша тәрбиешісі: Джетписова Айтжамал Қуанышбекқызы


Скачать


zharar.kz