Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні Дата проведения:
Тәрбиеші Воспитатель:
Білім беру саласы Образовательная область: Қатынас. Коммуникация
Пән Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып Сквозная тема: Мамандықтың бәрі жақсы
Тақырыбы Тема: Бізге дәрігер қонаққа келді
Мақсаттары Цели:
1. Тәрбиелік – воспитательная: дәрігердің еңбегін құрметтеуге үйрету.
2. Дамытушылық – развивающая: Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.
3. Оқыту – обучающая: балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру. ойын барысында қарапайым сөйлем кұрап, оны түсіндіріп, қайталай білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету Ресурсное обеспечение: дәрігер, қоян, қасқыр, аю кейіпкерлері, дәрігердің құрал – жабдықтары.
Билингвалдық компонент Билингвальный компонент: дәрігер – доктор, мақта - вата, дәке - бинт, йод – йод
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі организационный момент:
Ғажайып сәт: Бізге біреу есік қағып жатыр - ау деймін. Бұл кім екен? Дәрігер Айболитпа, кіріңіз мейірімді дәрігер, біз сізді асыға күтудеміз. Балалар бізге қонаққа дәрігер Айболит келді. Дәрігер Айболит ормандағы ауырып қалған аңдарды емдейді.
Билингвалдық компонент: дәрігер – доктор
2. Негізгі бөлім оснавная часть:
Осы кезде бір қоян жылап келеді.
Қоян: Ой - ой - ой!
Дәрігер Айболит: Не болды саған Қоян достым?
Қоян: Ішім ауырады.
Дәрігер Айболит: Иә, қиын жағдай екен.
Уақытты босқа өткізбейік
Қоянға не болды тексерейік.
Қане достым айта қойшы.
Бүгін сен не істедің
Жаттығумен айналыстыңба?
Қоян: Жоооқ.
Дәрігер Айболит:
Сумен шынықтыңба?
Қоян: Жоооқ.
Дәрігер Айболит: Тамақ іштіңбе?
Қоян: Жооқ.
Дәрігер: Ой, қандай жаман жауап.
Онда Қоян сені емдеймін.
Балалар айтыңдаршы іш ауырмас үшін не істеу керек?
Жеке жұмыс: Амина сенің ішің ауырғанда анаң не істейді?
Дәрігер Айболит қоянды емдейді.
Бір кезде қорбаңдаған аю келеді.
Аю: Ой - ой - ой, менің басым.
Дәрігер: Басыңа не болды?
Аю: Орманда жүргенде тасқа құладым
Басым тасқа тиді.
А - аа - аа - аа - ааа
Дәрігер: Ал енді досым, басыңды байлайын.
Балалар жараны таңу үшін қандай құралдарды қолданамыз?
Билингвалдық компонент: мақта - вата, дәке - бинт, йод – йод
Ал енді достым менің кеңесімді тыңда.
Ата анаңды тыңда.
Олармен қыдыр.
Далада ата - анасыз қыдырмайды.
Дәрігер Айболит:
Балалар ата - анасыз далада қыдырама?
Аю: Мен енді білетін болдым. Анаммен қыдырамын.
Осы кезде арылдап қасқыр келеді.
Қасқыр: Ой - ой - ой.
Айболит: Не болды саған, қасқыржан?
Қасқыр: Менің тісім ауырып барады?
Айболит: сен қандай тамақ жедің?
Қасқыр: Тәтті тоқаш пен кәмпит жедім.
Балалар айтыңдаршы тәтті тоқаш пен кәмпитті көп жеуге болады ма?
Айболит: Қасқыр сен әрине тәтті нәрсе жейсің, онда тісің ауырады.
Егерде сен көкөністер мен жемістер жесең, тісің ауырмас еді. Қане, тісіңді
емдейік.
Автор: Доктор Айболит қасқырдың да тісін емдеп береді.
Д о: Қажетін тап
Балалар мына құралдар ішінен тіс емдеуге арналған құралдарды тауып беріңдерші.
Аңдар Дәрігер Айболитке көп көп рахмет деп қоштасып, орманға кетеді.
Балалар да пайдалы кеңестерді білу керек.
1 - кеңес:
Жаттығу жасау керек.
Шаршағандарың басылады.
2 - кеңес:
Күн, ауа, су.
Біздің нағыз досымыз.
3 - кеңес:
Таңғы ботқаны жеу керек, және қара нан пайдалы.
4 - кеңес:
Кім сәбізді жеп, тамат шырынын ішсе, олда пайдалы.
Доктор Айболит: Міне менің кеңестерім осы. Ешқашан шаршамай күліп жүріңдер. Қайталап айтам, ауырмаңдар. Барлық кеңестерімді орындаңдар. Сау
болыңдар, балалар. Сендерге денсаулық тілеймін.
3. Қорытынды итоговая часть:
- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Дәрігер Айболит орманда нелерді емдейді?
- Дәрігер Айболит қандай кеңестер айтты?
Жарайсындар балалар, мен сендерге ризамын сол үшін сендерге тәтті дәруменім бар, ал сендерге айтарым, өзімізді таза ұстайық, ауырмайық, әрдайым көтеріңкі көңіл күйде болайық.