Жоғары сыныптарға физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға негізгі жалақының үстіне қосымша үстемеақы берілмек

Скачать

Жоғары сыныптарға физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға негізгі жалақының үстіне қосымша үстемеақы берілмек. Оның көлемі – шамамен 35 мың теңге. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингтен кейін журналистерге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды Baq тілшісі.

Арнайы тәртіп бар. Ол бойынша мұғалім дайындықтан өтіп, ағылшын тілін тиісті дәрежеде меңгерсе, жоғары сыныптарда химия, биология, физика пәндерін оқытса және біліктілігін жетілдіру курсынан өтсе, оған үстемеақы төленеді. Яғни, жалақының үстіне шамамен 35 мың теңге қосылады , - деді ол.
Сонымен қатар Білім және ғылым министрінің орынбасары үстемеақыға ие болатын ұстаздардың тізімі жасалып жатқандығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тізім қыркүйекте дайын болуы мүмкін. Ал мұғалімдерге қосымша үстемеақы беру мемлекет бюджетінен қарастырылған екен.

Қазіргі таңда біз тиісті ақпаратты жинап жатырмыз. Себебі, жоғары оқу орнында ағылшын тілін бітірген студенттер бар. Қыркүйек айы басталған уақытта тізім дайындалады. Сол уақытта қанша ұстаздың (ағылшын тілінде – автор) білім беретіні жайлы нақты ақпарат бере аламыз. Біріншіден, осыған мемлекет бюджетінен өткен жылы қаржы қарастырылған. Біз осы жылы барлық талап бойынша тиісті нормативті-құқықтық базаны дайындадық. Барлығы нақты әрі ашық болуы шарт , - деп түйіндеді сөзін Бибігүл Асылова.


Скачать


zharar.kz