Бүгінгі жаңа тақырыбымыз Мамытбек Қалдыбаевтың Еліктің лағы

Скачать

Мамытбек Қалдыбаев Еліктің лағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аңшылық кәсіп туралы мәлімет беру, елік туралы қысқаша тоқталу.
Дамытушылық: Көркем мәтінмен жұмыс істей білуге үйрету, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қайырымды болуға ұмтылу. Аңшылыққа байланысты қазақ халқының салтын білу.
Көрнекілік құралдар: Аңшылық түрлері туралы плакат, еліктің суреті.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Ассоциация , Негізгі ойды табу , Жиксо стратегиясы.
Сабақтың түрі: Ізденіс, мәтінді талдау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын кім атайды?
Шуақты көктем келген кезде табиғат оянады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді, ұя салады. Аңдар төлдейді.
- Балалар мынау қандай аң?
- Елік.
- Бүгінгі жаңа тақырыбымыз Мамытбек Қалдыбаевтың Еліктің лағы .
Оқушылар сабақтың мақсатын айтады.
Қызығушылықты ояту.
Ассоциация
Құралай

↓ 1, 2 кейде 3 лақ
Текесінің мүйізі болады
6 - 8 ай енесінің сүтімен қоректенеді
лақтардың теңбілі болады

II. Мағынаны ажырату.
- Автор туралы өзім қысқаша мәлімет беремін.
Жиксо стратегиясы
№ 1 бөлім
1. Әр топ өз бөлігін оқиды.
2. Негізгі ойды табады.
3. Бөлімге ат қояды.
4. Мазмұнын бір - біріне айтады.
5. Үйге барып , өз бөлімін түсіндіреді.
Әр топтан спикерлер қорғайды.
Сергіту сәті.
Дала гүлге оранады,
Түрлі түсе боянады.
Нұрлы көктем келген кезде,
Табиғат та оянады.
Оқушыларды өз пікірін айтуға жетелеу.
- Аңшы қандай адам?
- Ұқыпты. Ашуын ақылға жеңдіреді. Жас лағы болғандықтан елікті атпады. Қайырымды, мейірміді адам.
Энциклопедиялық мәлімет
Аңшылар қолданған құралы, істеген амалына қарай 4 - ке жіктеледі.
1. Саятшы. Қан сонарда шығады. Қыран бүркіт, ұшқыртазы, түзу мылтық пайдаланады.
2. Мерген - садақпен, мылтықпен аң атады.
3. Қақпаншы - аңды қақпанмен аулайды. Аңдардың ініне, жүретін жолына қақпан құрады.
4. Моршы - түлкі, күзен аңдардың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстайды.
Аңшылықтың сан қырлы тәсілдері әкеден балаға беріліп отырды.
Жағдаят:
Аңшы: - Ассалаумағалейкум, ата.
Қарт ақын: Уағалейкум ассалам балам.
Аңшы: - Денсаулығыңыз жақсы ма?
- Үй іші, мал - жаныңыз аман ба?
Қарт ақын: Деніміз сау, мал басы аман.
Аңшы: - Ақын ата, бүгінгі олжамды сіздің қанжығамызға байлағым келеді.
Қарт ақын: Рахмет айналайын. Өркенің өссін.
Құралай Елік алғаш рет лақтарын ертіп шыққанда ауа райы суытып жел болып отырған. Құралай желі деген ырым бар.

Ой толғау.
Шығармашылық жұмыс.
5 жол өлең.
1 тапқа Елік сөзі
2 топқа Аң
3 топқа Аңшы
Рефлексия: - Бүгін не білдіңдер?
Не ұнады?
Бағалау: Бағалау парағы арқылы.
Үйге тапсырма: М. Қалдыбаев туралы мәнжазбаны жазып келу.

Павлодар қаласы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Картабаева Динара Гиззатовна


Скачать


zharar.kz