Бейнелеуіш сөздерді мысалдар арқылы түсіндіру, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

Скачать

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы

Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 6 сынып
Тақырып: Бейнелеуіш сөз
Оқу құралдары: Қазақ тілі. Исаев К., Назарғалиева Ж., Ж. Дәулетбекова. – Алматы Атамұра 2011
Сабақтың мақсаты: Бейнелеуіш сөздерді мысалдар арқылы түсіндіру, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Өткен тақырыппен байланыстырады;
- Оқушының жеке ой - пікірінің құндылығы артады;
- Ақпараттарды қабылдайды, талқылайды, сабақта қолдана алады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Мұғалім әрекеті
Психологиялық ахуал
Сергіту сәті.
Смайлдар арқылы топқа бөлгізеді
Үй тапсырмасын тексеру
Бақылайды. Өткен сабақта не өтілгенін, үйге қандай тапсырма бергенін сұрайды.
Өткен сабақтармен байланыс
Жаңа тақырыпқа көшу
Білу
Түсіну
Интербелсенді тақтадан Бейнелеуіш сөздерге байланысты видеолар мен суреттерді ұсынады.
БББ әдісін ұсынады БББ кестесі
Топтастыру әдісін ұсынады

Қолдану
Интербелсенді тақтадан бейнелеуіш сөздерге байланысты жұмбақтарды жасырады
302 - жаттығу. Оқушылық деңгейлік тапсырма. Бейнелеуіш сөздерді тауып, олардың мағынасын және қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.
Тапсырма: Жұмбақ шешу. Оқушылар жұмбақтың жауабын топпен ойлап, шешімін айтады.
Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ауық - ауық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.

Қорбаң - қорбаң еткен,
Өмірі орманда өткен.

Жылмаң - жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із-міз тастап кетеді.

Әуеде ақ мамық,
Қалбалақтап ұшады.
Қанаты талып,
Жерді барып құшады.

Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы.

Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең - көлбең етеді.

Жалт - жұлт еткен,
Жылуын жанға төккен.

Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz