Бағалаудың қандай түрлерін пайдаландыңдар

Скачать

Қарағанды облысы, Нұра ауданы,
Киевка №2қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бейсембекова Анар Сериковна

Тақырыбы: Бағалау және оның түрлері
Мақсаты: Қатысушыларға оқытуды бағалау\ суммативті\, оқу үшін бағалау \формативті\, критериалды бағалаудың сабақ үрдісіндегі маңыздылығын көрсету.
Күтілетін нәтиже: Коучке қатысушылар бағалаудың түрлерін білетін болады және өздерінің оқу үдерісінің жоғарылауына әсер етулерін көреді.
Негізгі идеялар: Оқытуды бағалау - суммативті бағалау,
Оқу үшін бағалау - формативті бағалау.
Көрнекіліктер мен қолданатын құралдар: компьютер, проектор, экран, флипчарт, маркерлер, А3, А4беттер.
Сабақ барысы
Коуч сессияның этаптары

● Амандасу (3 минут)
Коучке қатысушылармен амандасу, тақырыбы мен мазмұнымен таныстыру.
● Топқа бөлу
Таңдаған жемістерге байланысты топқа бөлу, мінездерін айқындау.
● Жеке жұмыс (5 минут)
Коуч қатысушыларға қойдың суретін салуды өтінеді. Сурет салып болғаннан кейін бір - біріне бағалатады.
Ал, енді алған бағаларына қанағаттанасыздарма?
● Рефлексия (5 минут)
Коучттың сұрағы:
- Не үшін сізге баға қойды?
- Неге?
- Көршіңізді бағалағанда неге көңіл бөлдіңіздер?
- Бағалау қиын болды ма?
- Біздің бағалау жүйеміз қандай қиындық тудырады?
- Біздің бағалау жүйеміз қандай аспектілерді қамтыған?
- Біздің балаларымыз неге сол бағаны алғандарын түсіне ме?
- Әр оқушы күнделікті бағалана ма?
● Жұптық жұмыс (5 минут)
Салынған қойдың суретін критерийлер бойынша бағалау ұсынылады.
(1 қосымша)

Қатысушыларға қойылатын сұрақтар:
1. Бағалаудың қандай түрлерін пайдаландыңдар?
2. Бағалар қалай ерекшеленеді?
3. Қандай бағаны қою оңай еді, неге?
4. Қандай бағаға сіз қанағаттанасыз, неге?
● Сергіту сәті (2 минут)
Әлқиса күй
● Топтық жұмыс (10 минут)
Коуч коучке қатысушыларға А3 парағын алуды сұрап, топпен бірлесе отырып, кластерді бағалау критериін әзірлеуді ұсынады. Одан кейін кластер құрып, басқа топқа арнайы құрылған критериге сәйкес тексеруге береді.
1. Бағалау критериясын әзірлеу қиын болды ма?
2. Бағалау критериясын әзірлеуде қандай қиындықтар туындады.
3. Ендеше, баға бағалаудың қай түріне, қандай критериге жатады?
● Теория 10 минут
Формативтік, суммативтік, критериалдық бағалау
(презентация)
Видеоролик( Оқытуды бағалау)
● Табысқа жету жолы (5 минут)
Суретті нашар салатын 2 қатысушыны сыртқа шығуды өтінемін, басқа қатысушыларға1 сурет салатын қатысушыны сөзбен мадақтап, 2 - сурет салатын қатысушыны мадақтауын сұрайды. Екі қатысушыға бірдей тапсырма жылқының суретін салу тапсырылады, сурет салып болғаннан кейін оны бағалауды сұраймын.
Сұрақ:
1. Сонымен, мадақтау оқушының жұмысына қандай нәтиже береді?
2. Мадақтау бағалаудың қай түріне жатады?
● Қорытындылау (5 минут)
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін мына кестені толтыруын өтінемін
1. Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Нені жақсы меңгердім?
3. Топ нені жақсы меңгерді?
4. Нені білгіміз келеді?

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz