zharar.kz

Сұр жыланның арбауы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Торғай. Жүсіпбек Аймауытов
Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытов жайлы хабар бере отырып, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; мейрімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: топқа бөлу, сұрақ - жауап, тапсырмалар беру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Слайд, үнтаспа, оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
- Біз бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз
- Ана тілі сабағында үнемі кімдермен танысамыз?
- Олай болса, осы ақын – жазушылардың атымен топқа бөлінесіңдер.
І - топ: С. Сейфуллин
ІІ - топ: А. Құнанбаев
ІІІ - топ: А. Байтұрсынов
ІҮ - топ: Ы. Алтынсарин

Мақал - мәтелдер айтқызу арқылы көшбасшыны тағайындау.
- Жарайсыңдар, енді топтың ережелерін еске түсірейік
1. Мұғалімді тыңдау.
2. Сабақта тыныш отыру.
3. Бір - бірімізді дұрыс тыңдау.
4. Топпен жұмыс жүргізу.
5. Толық жауап беру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ы. Алтынсарин Өзен
1 - тапсырма:
І - топ. Автор туралы мәлімет беру.
ІІ - топ. “Өзен”өлеңін мәнерлеп оқу
ІІІ - топ. Өлеңнің мағынасын ашу
ІҮ - топ. Қазақстанда қандай өзендер бар?

2 - тапсырма:
І - топ. Ы. Алтынсариннің 3 сыныпта қандай шығармаларын оқыдың?
ІІ – топ. Өзеннің қандай пайдасы бар?
ІІІ - топ. Сусыз тіршілік бар ма?
ҮІ – топ. Адамдар суды неге құрметтейді?

- Балалар, әр заттың өзіне тән үні, дауысы, дыбысы болады. Өзеннің сарқырап, дүркіреп ағатынын білдік. Ал, мына дыбыс ненің дауысы екен тыңдайықшы. (үнтаспадан құстардың дауысын тыңдау)
- Елімізде құстардың неше түрі бар? (480 - 500 түрі бар)
- Олай болса, құстарға байланысты сөзжұмбақ шешіп көрейік.
ІІІ. Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ шешу.
1. Көктемгі еңбек туралы жырлаған өлеңді ата? (Қ. Аманжоловтың Көктем өлеңі )
2. С. Сейфуллиннің қайыңға, терекке, желге қатысты қандай өлеңі бар?
( Орман )
3. Қуанышты күннің, жаңа жылың құтты болсын қазақ! – деген жолдарда қандай мейрам айтылған? ( Наурыз)
4. Бізді қоршаған ортаны не дейміз? (Табиғат)
5. Көктем сәні ертегісінде Көктем сәні – жасыл желек деген қай кейіпкердің сөзі (Ақбөкен)
6. Жаңбыр өлеңінің авторы кім? ( Майлин)

- Балалар, ерекше торкөздерден қандай сөзді көріп отырмыз? Торғай туралы не білесіңдер?
Ендеше, бүгін Ж. Аймауытовтың Торғай мәтінімен танысамыз.

ІҮ. Жаңа сабақ:
Жүсіпбек Аймауытов - қазақтың аса көрнекті жазушысы. (1889 - 1931) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында дүниеге келген. Алғаш өлеңін 13 жасында жазған. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша - қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, 1918 жылы аяқтайды. Шымкент педагогика техникумында директор болып істейді Қартқожа , Ақбілек , Күнекейдің жазығы , Жаман тымақ , Шернияз , психология және шығармалар жиынтығы кітаптарын жазған.

Ү. Оқулықпен жұмыс
- Балалар, мәтінге қарайықшы, мәтін неше бөлікке бөлінген? (төрт)
(Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқу)
- Әр топ бір бөліктен оқып, түсінгендерін айтады және ат қояды.

І - топ. Торғайдың шырылы.
ІІ - топ. Сұр жыланның арбауы.
ІІІ - топ. Ақбілектің көмегі.
ІҮ - топ. Ақбілектің қуануы немесе
ҮІ. Ой қозғау
1. Мәтінде неше кейіпкер бар? (үш)
2. Ақбілектің сұр жыланды өлтіргені дұрыс па? (Әр топтан бір оқушы өз ойын айтады)
3. Суретпен жұмыс:
Суреттен не көріп тұрсың? Суретке сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта.
ҮІІ. Сергіту сәті

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс
а) Шығармашылық тапсырма:
Кейіпкерлерге хат жазу
1. Ақбілекке.
2. Сұр жыланға
3. Торғайға

ә) Жұптық тапсырма:
Кейіпкерлерге мінездеме беру
Ақбілек
Сұр жылан
Торғай

б) Топтық жұмыс:
Балаларға топтық жұмыс беріледі.
Құстар жайлы әр топ топтастырып постер жасап қорғайды.
І - топ. Үй құстары
ІІ - топ. Жабайы құстар
ІІІ - топ. Қыстап қалатын құстар
ІҮ - топ. Жыл құстары

ІХ. Қорытынды:
- Бүгінгі сабақтан нені білдіңдер және нені білгілерің келеді. Бұған дейін нені білетін едіңдер?
1. Білемін.
2. Нені білдім?
3. Нені білгім келеді?
- Балалар, жаңа сабақ сендерге ұнады ма?
- Егер ұнаған болса, орындықтарыңның артында алмалар жапсырулы тұр. Алмаларды алып, ұнады немесе ұнамады деп жазып, тақтада тұрған көңілді және көңілсіз смайликтерге жапсырамыз.
Х. Үйге тапсырма: 1. мәтінді оқу, әңгімелеу, суретін салу.
Бағалау.


Скачать


zharar.kz